Қазақстанда құмар ойындар мен лотерея мәселелеріне қатысты түзетулер күшіне енді. Енді мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойын ойнауға тыйым салынады, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz.
Атап айтқанда, ойындарға және бәс тігуге тыйым салынған адамдардың тізімі кеңейтілді. Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұратындарға бәс тігуге және құмар ойын ойнауға тыйым салынды.
Сондай-ақ жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген және оларға теңестірілген адамдарға да бірқатар шектеулер қойылған.
Енді мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары құмар ойындар мен бәс тігуге қатыса алмайды. Аталған шектеулерді сақтамаған мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығарылады.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 8 шілдесінде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!