Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Жексенбі, 24 қараша, 02:53

Қазақстанда жол қозғалысына қатысты айыппұлдардың бірі жойылмақ

21.09.2024

498

0

Жол қозғалысына қатысты жарықтандыру құрылғыларын пайдалану ережесін бірінші рет бұзған жүргізушілерге ескерту жасалады. Тиісті заң сенатта бірінші оқылымда қаралып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Депутат Евгений Больгерттің айтуынша, көлік жүргізушілері күндізгі уақытта сыртқы жарықтандыру құралдарын және дыбыстық сигналдарды пайдалану ережелерін бірінші рет бұзса, тек ескерту түрінде жаза тағайындалады. Ал қолданыстағы нормадан баламалы жаза ретінде қайталап бұзған жағдайда салынатын айыппұл алынып тасталады.

Еске сала кетейік, күндізгі уақытта барлық қозғалыстағы көліктерде (велосипедтерден басқа) оларды көрсету үшін аз сәулелі фаралар немесе күндізгі жарық шамдары қосулы болуы керек. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: