Құрылтай

Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

40°C

, Дүйсенбі, 10 тамыз, 15:54

«Отбасы банктің» 2 қызметкері пара алғаны үшін жұмыстан шығарылды

10.08.2026

2

0

«Отбасы банктің» екі қызметкері сыбайлас жемқорлық сипатындағы заңбұзушылықтарға жол бергені үшін жұмыстан шығарылды. Бұл туралы банктің 2025 жылғы есебінде жарияланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжатқа сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында банк бірқатар профилактикалық шараларды жүзеге асырады.

«2025 жылы банк қызметкерлерінің клиенттердің, риелторлардың, жеке сот орындаушылары мен нотариустардың мүддесін заңсыз ілгерілету, тұрғын үй кезегін жылжыту үшін заңсыз сыйақы алған сыбайлас жемқорлық әрекеттері анықталды. Сондай-ақ филиалдардың бірінің қызметкері клиенттердің несие қабілеттілігін растайтын табысы туралы жалған құжаттар жасап, оларды несие өтінімдеріне тіркеген фактілер анықталды», делінген есепте.

Қызметкерлер сенім жоғалуына байланысты жұмыстан босатылған. Сонымен қатар банк бұл қызметкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы құқық қорғау органдарына арыз берген. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: