Бүгін АЭС-ті қолдау жөніндегі аудандық Халықтық штаб өкілдері Б.Шілдебаев, С.Оспанова, Е.Айғалиев, Ж.Әбсаттарұлы М.Шәменов ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіп,
Штаб мүшелері Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың дәстүрлі Жолдауын және АЭС салу мәселесінің маңызы туралы ашық әңгімелесу үшін арнайы келгендерін атап өтті. Сонымен қатар, жиын барысында атом электр станциясын салудың маңызы мен артықшылығы талқыланып, штаб мүшелері АЭС елімізге не үшін қажет екенін, энергия қуаты тапшылығы мәселесін жоюда қаншалықты тиімді екенін түсіндірді.
«Бүгінгі таңда еліміздегі электр қуатының тапшылығы Ресейден келетін 1 миллиард киловатт-сағат көлеміндегі ағынмен жабылып отыр. Жыл сайын елімізде электр қуатын тұтыну көрсеткіші арта береді. Ал қазіргі жұмыс істеп тұрған станциялардың оған шамасы келмейді. Сондықтан энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін бізге таза, тұрақты және сарқылмайтын энергия көзі қажет», – С.Оспанова .
«Елімізде электр қуатының тапшылығы еліміздің оңтүстік аймақтарында көбірек байқалуда. Ал бұл мәселе уақтылы шешіліп, электр энергиясының жаңа көздері енгізілмесе тапшылық жыл сайын өсе бермек. Осы ретте, Мемлекет басшысының атом электр стансасын салу бастамасы экономикалык тұрғыдан ең тиімді шешім болып отыр», – деді Б.Шілдебаев.
Қазақстанға бірқатар маңызды мәселелерді шешу үшін АЭС қажет. Себебі:парниктік газдар шығарындыларын азайту. Атом электр станциялары көмірқышқыл газын және басқа парниктік газдарды шығармайды, бұл климаттың өзгеруімен күресуге көмектеседі. Энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету. Атом электр станциялары импорттық энергия ресурстарына тәуелділікті азайтуға және елді тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 3. Электр энергиясы тарифтерінің өсуіне қарсы әрекет ету. Атом электр станциялары электр энергиясын салыстырмалы түрде төмен бағамен өндіреді, бұл тұтынушылар үшін тарифтердің өсуін тежей алады – деді Е.Айғалиев .
Штаб мүшелерінен ақпарат алған азаматтар өздерінің пікірлерін ортаға салып, АЭС салуға оң көзқарастарын білдіруде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!