Шалғайдағы Аламесек ауылдық округіндегі №151 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 7.00-де мемлекеттік әнұранмен жұмысын бастады. Екі мыңға жуық халық мекен еткен елді мекенде 926 дауыс беруші бар. Оның 13-і үйден дауыс береді.
Нұрхан Қарабалаев елдегі бұған дейінгі саяси науқандардан шет қалмапты. Тіпті бүгін ауылда бірінші болып өз таңдауын жасады.
– 18 жасымнан бері елдегі саяси науқандардың бірінен қалыс қалған емеспін. Жалпы елдің ертеңі үшін кез келген азамат мұндай шараларда белсенді болуы керек. Референдумда таңдауды елдің өзіне салып отырғасын әрқайсысымызда осындай түсінік болуы керек, – дейді Есет батыр ауылының тұрғыны.
Айта кетейік, мұнан кейін дауыс беру учаскесіне халық көптеп келіп жатыр. Осыдан-ақ шалғайдағы жұрттың мемлекет болашағына бейжай қарамайтынын аңғаруға болады.
«ЖЖ» ақпарат
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!