Бүгін – республикалық референдум! Таңғы сағат 7.00-де Қызылорда өңіріндегі барлық референдум учаскелері ашылып, өз жұмысын бастады.
Аймақта 380 референдум учаскесі бар. Оның 126-ы Қызылорда қаласында, 254-і аудандарда орналасқан.
Учаскелердің 27-і азаматтардың уақытша болу орындары яғни жабық учаскелер қатарында. Бұл учаскелерде тізімге енген азаматтар толық дауыс беріп болса, дауыс беру уақыты ерте аяқталуы мүмкін. Олар әскери бөлімдер, емдеу-профилактикалық мекемелері, тергеу изоляторлары және тағы да басқа орындар. Сондай-ақ, вахталық әдіспен жұмыс істейтін мекемелердегі 6 учаскеде дауыс беру таңғы 6.00-де басталды.
Айта кетейік, өңірде 492 380 азамат дауыс беруге құқылы. Тұрғындар кешкі 20.00-ге дейін өз аумағындағы учаскелерге келіп дауыс бере алады.
Фото: Сайлау комиссиясы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!