Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Жұма, 18 қазан, 15:19

Ардагер ұстаздар құрметке бөленді

08.10.2024

209

0

Аудандық білім бөлімі басшысы Талғат Садықов мен аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Гүлзат Құрманбаева білім саласының ардагер ұстаздары Жұматай Қорғанбаев пен Мейрамкүл Тұңғышмұратованың шаңырағына арнайы барып, мерекелерімен құттықтады.

– Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық парасаты арқылы зор құрметке бөленген сіз­дердей ардагер ұстаздардың еңбегі мен өнегелі өмірі қоғам үшін зор мәртебе, мақтаныш, абырой, жас ұрпаққа нағыз өмір мектебі екені даусыз. Ұрпаққа ұлағатты өсиетін айтып, ізінен ерген жас буынға ізетін аямайтын ардагер ұстаздарымыз қашанда құрметке лайық. Бүкіл саналы ғұмырын ел игілігіне арнаған, білім дәнін себуде мамандығына адалдық таныта білген ардагер ұстаздарымызға мың алғыс, – деді білім бөлімінің басшысы Талғат Садықов.
«Алты Алаштың баласы бас қосқан жерде төрдегі орын – ұстаздыкі» деп ұлт зиялысы Мағжан Жұмабаев айт­қандай, білім парасатымен, қадір-қасиетімен елге үлгі, шә­кірт санасына шамшырақ бола білген ардақты жандар­дың арасында Жұматай Қорғанбаев пен Мейрамкүл Тұңғыш­мұ­ратов өзіндік қолтаңбасымен, бітім-болмысымен ерекшеленеді. Ал ардагер ұстаздарымыз білім саласында еңбек етіп жатқан азаматтарға батасын беріп, жұмысына сәттілік тіледі.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: