Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

11°C

, Сәрсенбі, 23 қазан, 20:21

Қазақстанда кейбір азаматтардың ай сайынғы несие төлемі 2 есе төмендетіледі

20.10.2024

214

0

Мәжілісте қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова мүгедектігі бар адамдар мен әлеуметтік жағынан осал топтарға ерекше назар аударылатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әбілқасымованың айтуынша, заңнамалық деңгейде қаржы ұйымдарының 1 шілдеден бастап енгізілген ұлттық стандартты ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету міндеті енгізіледі.

«Қаржы ұйымдары мүгедектігі бар адамдармен жұмыс істеудің ішкі тәртібін бекітуге міндетті болады. Олар қаржы ұйымдарынан қызмет алған кезде сенімді өкіл тағайындай алады», – деп мәлімдеді Мадина Әбілқасымова мәжілістің пленарлық отырысында.

Сонымен қатар мерзімі өткен несиелер бойынша қарызды реттеу кезінде әлеуметтік осал топтар мен төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен азаматтарды қорғауға қосымша шаралар қарастырылған.

«Бұл санаттағы азаматтар үшін қарыздар мен микрокредиттер бойынша міндетті түрде үш айдан кем емес мерзімге кейінге қалдыру, сондай-ақ ай сайынғы төлемді 50 және одан да көп пайызға төмендету қарастырылады», – деп қосты ол.

Шағын несиелер бойынша оны қайтармағаны үшін айыппұлдарды қоспағанда, кез келген айыппұлды есептеуге тыйым салынады. Ал қарыз алушыларға жүктемені азайту үшін банктік несие немесе шағын несие шарттары бойынша сақтандыру агентінің комиссиялық сыйақысының ең жоғары мөлшері 10 пайызға дейін белгіленеді. Заң жобасы бүгін бірінші оқылымда қаралып жатыр.

Фото: Shutterstock

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: