Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

9°C

, Сейсенбі, 26 қараша, 14:41

Қос ауылдағы қуаныш

26.11.2024

54

0

Қазақ елі үшін алтын бесік болып саналатын ауылдың жағдайы жыл сайын жақсарып келеді. Ауданымыздың қос ауылына бір мезетте «көгілдір отынның» кіруі – соның жарқын көрінісі. Бұны облысымыздың өңірлік бағдарламасына сәйкес елді мекендерді газдандыруға байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстардың жалғасы деуге болады.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев­тың қатысуымен ауданға қарасты Ақсу және М.Шәменов ауылдарын газ желісіне қосу рәсімі өтті. Аймақ бас­шысы көптен күткен игілікті пай­далана бастаған тұрғындарды құт­тықтап, өңірде жарқын жобалардың жал­ғасын табатынын жеткізді.


– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Аса маңыз­ды мәселелердің бірі – ауылды ке­шенді түрде жетілдіру. Ауылдарға нақты қолдау көрсетіп, заманауи инфра­құрылымды дамытуымыз керек» де­­ген болатын. Елді мекендерге жа­салған қолайлы инфрақұрылым мұн­­дағы халықтың әл-ауқатын арт­ты­рады, кәсіпкерліктің өркендеуіне, бас­қа да бастамаларға жол ашады. Өт­кен жылы аудан бюджеті 10 млрд 848 млн теңге болды. Биыл 12 млрд 215 млн теңгеге жетті, яғни 12,6 пайыз өсім қалыптасты. Бұл қаржы тұр­ғындардың өмір сүру сапасын арттыратын жобаларға бағытталуда. Кейінгі 3 жылда ауданда 4 млрд 400 млн теңгеге 104 шақырым ішкі көшелер мен аудандық маңызы бар автомобиль жолдары жөндеуден өт­ті. Тағы 1 млрд теңгеге 7 шақырым ауыз­су жүйелері, 1 млрд 400 млн теңгеге электр желілері жаңартылды, 51 тұрғын үй пайдалануға берілді. Таң, Мырзабай ахун, Есет батыр ауыл­­дарында жаңа дәрігерлік ам­була­ториялар ел игілігіне табыс­талды. «Ауыл – ел бесігі» жобасы ая­сында 572 млн теңгеге 250 орын­дық «Оқушылар үйі» мен «Өнер мек­­тебі» ашылды. Сондай-ақ Таң ауы­лындағы мәдениет үйі мен Бұ­қар­бай батыр ауылындағы мектеп ғи­ма­раттары күрделі жөндеуден өтті. Бү­гінде Аққыр ауылындағы дене шы­нықтыру-сауықтыру кешені, Қа­ракеткен ауылындағы дәрігерлік ам­бу­латория, Жалағаш кентіндегі «Ру­ханият» орталығының құ­ры­лы­сы жү­­руде. Елдің дамуы ауылдың гүл­де­нуінен басталады. Ауыл­дың келе­шегі сіздердің бір­лік­теріңіз бен тату тірліктеріңізге байланысты. Бү­гін әр үйге қосылған табиғи газ отбас­та­ры­ңызға бақыт пен шаттық әкелсін! Елі­міз аман, жұртымыз тыныш бол­сын! Туған жеріміз Сыр өңірі қа­рыш­­тап дами берсін, – деді аймақ бас­шы­сы.
Газ қосу рәсімінен кейін аймақ басшысы екі ауылдың тұрғындарымен кездесіп, атқарылған істер, алдағы мақсат-міндеттер туралы айтты. Ин­­ф­рақұрылымдық жобаларға, әр са­ла­дағы жаңашылдықтарға, ауыл тұр­ғын­дарына ұсынылатын мүмкін­дік­терге, аймақта қолға алынған жо­ба­ларға жан-жақты тоқталды. Кезде­суге келушілердің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
– Бүгін біз үшін ең қуанышты, ба­қытты күн деп ойлаймын. Ақсулықтар дән риза. Ауылымызда таза ауызсу, жарық бар, енді міне, газ келді. Бұдан артық бізге қандай қуаныш керек?! Мемлекет басшысына, облыс әкіміне айтар алғысымыз шексіз. Ел үшін атқа мінген осы кісілердің же­місті жұмыс­тарының арқасында әлеу­мет­тік жағ­дайымыз жақсарып отыр. Сол ар­қылы ауыл тұрғындарының тұр­­­мысы да жеңілдеді. Бұрынғыдай көмір жағып, күл шығармаймыз, таң атысымен далада шай қайнатпаймыз. Бұл біздің көп жылғы арманымыз еді, – дейді Ақсу ауылының тұрғыны Меруерт Мырзабекова.
Айта кетейік, Ақсу ауылдық окру­гін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылға облыстық бюд­жеттен 20 млн теңге қаржы қаралған. Биыл құрылыс монтаждау жұмыстарын жалғастыру үшін Ұлттық қордан 100 млн теңге, облыстық бюд­жеттен 397,4 млн теңге бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды. Бү­гінде 1 660 тұрғыны бар Ақсу ауылдық округі көгілдір отынның игілігін көруде.
Ал М.Шәменов ауылын көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында былтыр облыстық бюджеттен 63,8 млн теңге бөлініп, монтаждау жұ­мыстары аяқталған. Ауыл тұрғын­дары үшін ауқымды бастама биыл жал­ғасын тауып, Ұлттық қордан 100 млн теңге, облыстық бюджеттен 485,3 млн теңге қаралып, бүгінде мон­­таж­дау жұмыстары толығымен аяқ­талды.
Осылайша ауыл тұрғындарына толығымен табиғи газ жеткізілді. Алай­­­да жергілікті билік бұл нәтижеге тоқ­мейілсімей, аудан бойынша елді мекендерді газбен қамту жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыруға ниетті. Мәселен, қазіргі таңда Бұ­қар­­бай батыр ауылын газдан­дыру жұмыстарына демеушілік есе­бінен жо­балау-сметалық құжаттар әзір­ленуде. Сондай-ақ Қаракеткен және Далдабай елді мекендерін газ­дан­дыру жұмыстарына жобалау-сме­­­­­талық құжаттары әзірленіп, об­­­­­­лыс­­тық энергетика және тұрғын үй-ком­­­­­муналдық шаруашылық басқар­ма­­­­сына бюджеттік өтінім жолданған.

Жандос ЖАЗКЕН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: