БҰҰ мәліметінше Қазақстан интернет арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын бағалайтын онлайн қызметтер индексі (Online Service Index) бойынша әлем елдерінің үздік ондығына кірді, деп хабарлады Energyprom.kz.
Биыл рейтингте Оңтүстік Корея көшбасшы болды, ол ең жоғары балды алды.
Қазақстан алғашқы ондыққа ілініп, 10-шы орынды иеленді және өзінің технологиялық жетістіктерімен танымал ел — Жапониядан сәл ғана артта қалды.
Салыстыру үшін: ТМД және Орталық Азия елдері арасында Армения 53-ші орында тұр. Ресей 56-шы орында, Өзбекстан 59-шы орында, Қырғызстан 89-шы орында, ал Түрікменстан аутсайдерлер арасында 172-ші орынға тұрақтады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!