Жыл сайын күз және қыс айларында тұмау вирусы аурудың өсу толқынын тудырады. Бірақ, бұрынғыдай, көптеген адамдар тұмауды басқа суық тиюмен шатастырады. Нағыз тұмау басқа респираторлық инфекциялармен салыстырғанда қауіпті.
Тұмау – қоздырғыштың ауа-тамшылы арқылы берілуімен, өте жұқпалы, интоксикацияның ауыр белгілерімен және тыныс алу жолдарының зақымдануымен жүретін жіті жұқпалы вирустық ауру.
Тұмаудың қауіптілігі оның қиын ағымында және тез дамитын асқынуларында. Негізінен, вирус төмен температура мен ылғалдылықта «тірі қалады», бұл суық мезгілде тұмаудың тез таралуын түсіндіреді.
Тұмау эпидемиялары кезінде тыныс алу жолдарының бактериялық инфекциялары, бронхит, пневмония күрт өседі, ал тұмау адамда созылмалы аурулардың өршуін тудырады және олардың ағымын күшейтеді.
Тұмаудың өршуі кезеңінде келесі алдын алу шараларын ұсынамыз:
– тұмау ауруының белгілері бар адамдармен байланыста болудан аулақ болыңыз;
– адамдар көп жиналатын жерлерде болу уақытын қысқартыңыз;
– медициналық маска киіп, оны әр 3 сағат сайын ауыстыруға тырысыңыз;
– қолыңызды сабынмен үнемі жуыңыз;
– ылғалды тазалауды жүргізіңіз, үй ішіндегі ауаны жиі желдетіп, ылғалдандырыңыз.
Алдын алудың негізгі шарасы – вакцинация. Вакцина – тұмаудың алдын алу үшін ең сенімді қорғаныс. Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2024 жылғы 16 тамыздағы №7 «Тұмау, жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және коронавирус инфекциясы (COVID-19) бойынша 2024-2025 жылдардың эпидемиялық маусымына арналған санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы» қаулысы негізінде Жалағаш ауданы бойынша медициналық ұйымдардың ЖРВИ және тұмау бойынша 2024-2025жж. жаңа эпидемиялық маусымға дайындығы жүргізілуде. ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен бастап жас ерекшеліктері, тәуекел топтарының санаттары бойынша халықты тұмауға қарсы иммундауға күн сайын мониторинг жүргізілуін және ағымдағы жылғы 16 тамыздан бастап аумақтар, жас ерекшеліктері және тәуекел топтары бойынша тұрғындар арасында ЖРВИ, тұмау және COVID-19-бен сырқаттанушылыққа, тұмауға қарсы вакцинацияланғандар арасында, жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балалар арасында ЖРВИ мен тұмаумен сырқаттанушылыққа апта сайын мониторинг жұмыстары жүргізілуі ұйымдастырылуда.
Тұмаудың ауыр зардаптары мен асқынуларын болдырмау үшін өзін-өзі емдеумен айналыспау керек, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.
Г.С.Айымбетова,
Жалағаш аудандық санитариялық
эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!