Speedtest Global Index қызметі 2024 жылдың желтоқсан айының қорытындысын шығарып, интернет желісі ең жылдам елдер мен қалалардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жаңа зерттеуде ғалымдар 154 елдің 200-ге жуық қаласында мобильді интернет пен кең жолақты қолжетімділіктің орташа жылдамдығын талдады. Speedtest Global Index бағалауының негізгі критерийлері – мобильді және кең жолақты желілер үшін жүктеу жылдамдығы.
Жаһандық қызметтің мәліметі бойынша, Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша елдер рейтингінде бір сатыға көтерілді. Біздің еліміз секундына 53,76 мб/с жүктеп алу жылдамдығымен 57-орында.
Қазақстан тұрақты кең жолақты интернет жылдамдығы рейтингі бойынша әлемдік рейтингте 88-орынға орналасты (секундына 73,67 мб/с).
Мобильді интернет жылдамдығы бойынша көшбасшы мемлекеттер:
- Біріккен Араб Әмірліктері – секундына 453,87 мегабит;
- Қатар – секундына 383,5 мегабит;
- Кувейт – секундына 257,3 мегабит.
Ең төменгі көрсеткіш тағы да Ауғанстанда тіркелді, онда жүктеу жылдамдығы секундына 8,2 мб/с болды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!