Елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сеніп тапсырылған мүлікті жымқырды деп айыпталған Астана қаласы Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловқа үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сот үкімімен Болат Мажағұлов 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
«Сот Мажағұловты Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету» қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танып, 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды», делінген хабарламада.
Екінші айыпталушы Қанапин 3,5 жылға сотталды. Ол сот залында қамауға алынды.
Сондай-ақ сот Мажағұлов пен Қанапиннен 1 миллиард 86 миллион теңге көлеміндегі бірлескен және бірнеше шығынды өндіру туралы шешім шығарды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!