Қаржы министрлігі тексеру шартын жеңілдету бойынша бұйрық шығарып, Ұлттық банктің қарауына жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сәйкесінше, енді аударылған сома ең төменгі жалақының 12 еселенген көлемі, яғни 1 020 000 теңгеден асатын сома үш ай қатарынан аударылса ғана тексеріс басталады.
Бүгінде банктер Қазақстан азаматтары үш ай қатарынан әртүрлі тұлғалардан 100-ден астам аударым алса, олар туралы деректерді салық органдарына беруге міндетті. Тағы бір маңызды критерий – ақша түскен есепшот кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін арналмаған болуы тиіс.
Екінші деңгейлі банктерге үш ай ішінде 1,02 миллион теңгеден кем ақша алған Қазақстан азаматтары туралы салық органдарына деректер бермеуге рұқсат етіледі. Бұл жағдай аударымдар саны 100-ден көп болса да, қолданылады.
Қаржы министрінің тиісті бұйрығы қазіргі уақытта Ұлттық банкте қаралып жатыр. Яғни, шешім әлі қабылданған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Үкімет мобильді аударымдарды тексеру шегін 255 мың теңге көлемінде бекітуді жоспарлаған еді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!