Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

10°C

, Сенбі, 22 ақпан, 13:25

Қызылордалық полицей сыннан сүрінбей өтті

11.02.2025

149

0

Дубайда SWAT Challenge халықаралық жарысы өтті. Онда 100-ден астам елдің күштік құрылымдары арнайы бөліністерінің қызметкерлері бақ сынады.

Биыл алғаш рет бұл жарыста ерлермен қатар әйелдер құрамасы да қатысты. Кедергілер жолағын еңсеру барысында әйел-офицерлер ептілік пен атыс дағдылары бойынша ерлерден қалыспай өнер көрсетті.

Дубайдың төрінде өткен жауынгерлер жарысында олар біршама команданы артта қалдырды. Жарыстың үшінші күнінде сайыс қорытындысы бойынша әйелдер кұрамасы 50-ден аса команданы басып озды.

“Томирис” командасы барлық сынақтан сәтті өтіп, өз қабілеттерін көрсетті. Нәтижесінде әйелдер арасында Қазақстан құрамасы екінші орынды иеленді.

Қазақстанның көк туын желбіретіп, биік дәрежеде Қазақстанның атын шығарған «Томирис» әйелдер командасының құрамында Сыр елінің тумасы Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкері, ЖҚАЖ иснпекторы, полиция капитаны Төлекова Лаура Қарабекқызы болды. Полицей қыз барлық қиындыққа төтеп беріп, ерлермен иық теңестіре нәтиже көрсетті.

Қызылордалық полицей жарыс.jpg

Фото: Облыстық полиция департаменті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: