Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Жексенбі, 20 сәуiр, 13:27

Болашағы зор “Жүргенов жастары”

17.02.2025

106

0

Парламент – оқу-тәрбие процесінің мәселелерін шешуде мектеп әкімшілігінің таптырмас көмекшісі.
Парламентте мектеп оқушылары мен мұғалімдер бірлесе ынтымақтасуды, маңызды мәселелерді шешуде толыққанды серіктес болуды үйренеді.
Парламент – білім алушылардың білім беру ұйымын басқаруға, оқу процесін ұйымдастыру мәселелерін шешуге қатысу нысаны.Сондай-ақ, мектеп парламентінің қызметі туралы Ереже әзірленіп, бекітілді. Мектептегі Парламенттің қызметін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары үйлестіреді, ол Парламентке жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады.

Парламенттің мақсаты:

Оқушылардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуын қамтамасыз ету, олардың әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ мектептегі демократиялық процестерді дамыту.

Оқушылардың пікірін тыңдау және қолдау – мектепте орын алып отырған мәселелер мен ұсыныстарды тыңдау және шешімдер қабылдауға қатысу.
Қоғамдық белсенділікті дамыту – оқушыларды әлеуметтік жобалар мен бастамаларға тарту, олардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту.

Мектеп ішіндегі үйлесімділік пен ынтымақтастықты нығайту. Әртүрлі оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, түсіністік пен бірлікті арттыру.

Парламенттің міндеттері:

•Оқушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау: Мектеп парламенті оқушылардың пікірлері мен ұсыныстарын ескеріп, оларды мектеп басшылығына жеткізеді.
•Мектеп мәдениетін дамыту: Мектептің әлеуметтік-мәдени өміріне қатысты шаралар ұйымдастыру, әртүрлі іс-шаралар мен жобаларды қолдау.
•Қоғамдық жауапкершілік: Қоғамдық жұмыстар мен қайырымдылық шараларына қатысу, экологиялық мәселелерді шешуге атсалысу.
•Оқушыларды көшбасшылыққа тәрбиелеу: Оқушылардың ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттерін дамыту.

•Мектеп парламенті бүгінде қарқынды дамып,оқушылар өмірінде ойып тұрып орын алуда.Оқушылар мектеп парламентіне мүше бола отырып,өздерінің тұлғалық дамуын қалыптастырады. Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің мектеп парламенті 2024-2025 оқу жылында “Ұстаздар күнінің” қарсаңында жанды дәліз ұйымдастырып,мұғалімдерді мерекелерімен құттықтай отырып “Дублер күнін” атап өтті.Сонымен қатар “Республика күніне” мерекелік концерт ұйымдастырылып, ”Жүргенов жастары” өзін-өзі басқару ұйымының жоспарына сәйкес: “Бұрым trend”, “Болашаққа хат”, “Зияткерлік ойын”, “Руханият дебат клубы” сияқты түрлі мәдени ағартушылық іс-шараларды белсенді түрде жүргізіп отыр.Алдағы уақытта да “Жүргенов жастары” өзін-өзі басқару ұйымы қоғамдық-мәдени шаралар мен жиындарды жауапкершілікпен атқарып отыратынына кәміл сенеміз! Мемлекетіміздің қарышты дамуына,болашақ әртүрлі салалардың оқушыларымыздың білікті де білімді маман болатынына,ұлтжанды,оташсүйгіш азамат болып қалыптасуына өзін-өзі басқару ұйымының ықпалы зор демекпін.

Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Бақытжан Асылжан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: