Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

10°C

, Сенбі, 22 ақпан, 13:30

Депутаттар Қазақстанда ТикТокқа шектеу қоюды ұсынды

19.02.2025

146

0

Кейінгі екі жылда ТикТокқа 14,1 млн. қазақстандық тіркелген. Олардың дені – балалар мен жастар, деп жазады Egemen.kz

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ТикТокта бала зейініне зиянды контенттің әсерін алға тартқан «AMANAT» фракциясының бір топ депутаты осы әлеуметтік желінің қызметін шектеуді ұсынды. 

Жанарбек Әшімжан, Елнұр Бейсенбаев, Аманжол Әлтай, Қазыбек Әлішевтің айтуынша, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдері ТикТок желісіне ішінара немесе толық шектеу қойған. 

Ал, Франция үкіметі жасөспірімдердің интернетке қолжетімділігін заңнамалық деңгейде реттесе, Аустралия 16 жасқа дейінгі балаларға қолдануды заңмен шектеген.

«Еуропалық Одақ, Канада, Ұлыбритания, Жаңа Зеландияда балалар қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылыққа байланысты 2023 жылы шешім қабылдап үлгерген. Керек десеңіз, TikTok-тың атасы саналатын Қытайдың өзінде бұл платформа қолжетімді емес. Біз де жеделдетіп ТикТок-қа шектеу қою мәселесін қарастырғанымыз жөн. Өйткені, ТикТокты шамадан тыс қолданудың психологиялық әлеуметтік және академиялық салдары, баланың санасы мен денсаулығына кері әсері аз емес», деді Жанарбек Әшімжан Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында. 

Мәжілісмендер ТикТоктағы салтымызбен санаспайтын, теріс әдепке үндейтін контентке шектеуді күшейтуді сұрап отыр. Сондай-ақ Үкіметке елімізде ТикТокты кәмелеттік жасқа толмаған балалардың пайдалануына қатаң шектеу қою немесе мүлдем тыйым салу тетіктерін қарастыруды ұсынды.  

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: