Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Жексенбі, 20 сәуiр, 01:43

Жемқорлық бәрінен қауіпті

05.03.2025

172

0

Дамуға, экономикада өсім қалыптастыруға қадам басқан мемлекет алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті бірінші кезекке қояды. Тіпті дамыған елдердің тарихын қарасаңыз олар да ең алдымен осыған басымдық берген. Қазақстан да тәуелсіздік жылдардан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті елдің басты саясатының бірі етті.

Жалпы сыбайлас жемқорлықтың зияны айтпаса да түсінікті. «Басқаны білмеймін, өзім болсам жеткілікті» деген көзқарас дұрыс емес. Негізінен «жеңіл жолмен жағдайымды жақсатамын» деген де орынсыз. Себебі оңай олжа тек қақпанда болады. Ал адал табыста береке болады.

Біз сыбайлас жемқорлыққа күресте алдымен өзімізбен жұмыс жасауымыз керек. Әрбір азамат өзіне артылған міндетті адал орындаса, ел ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселе мүлде болмайды. Келесі кезекте кейінгі буынға тек жақсылықты өсиет етеміз.

Жемқорлыққа жол берген адамның оңғаны жоқ һәм жағдайын оңдағанын да көрмедім. Құзырлы органдардың көзінен таса таса қалған жағдайдың өзінде ол сенің жолыңа бәрібір кедергі болады. Сондықтан қайда жүрсек те артылған сенімге адалдық танытып, өз жұмысымызды адал атқаруымыз керек. Сонда ғана еліміз дамыған елдер қатарына қосылады.

Дастан БАХТИЯРОВ,

аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: