Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Жексенбі, 24 қараша, 13:32

Үй жануарларын қараусыз қалдырған тұрғындар жауапкершілікке тартылады

11.07.2022

471

0

Жануарларды өсірумен, асыраумен, бағумен, көбейтумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға мал жаятын орындардан басқа орындарда жануарларды жаюға рұқсат етілмейді.

Сондай-ақ, көшелерде, алаңдарда, гүлзарларда, басқа да қоғамдық ортақ пайдаланылатын орындарда жануарларды жаюға қатаң тыйым салынады.

Осы аталған қағидалар сақталмаған жағдайда  жануарлардың иелері «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 505-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Айта кетерлігі, «Қызылорда облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидалары» Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы 263 шешімімен бекітілген. Осы қағидада жануарларды асырау тәртібі  көрсетілген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: