Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-6°C

, Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 06:12

Мониторинг жұмыстары жүргізілді

13.07.2022

559

0

«Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты «АМАNAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша жол картасында Жалағаш кентінен сунағыш мұнара құрылысын салу қамтылған.


Аталған сужинағыш мұнара 2021 жылы жоба-сметалық құжаты әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Су ұңғымалары және су жинау-тарату кешенінің құрылысына 2022 жылға республикалық бюджет есебінен тиісті қаражат бөлініп, «Корпорация Әлем-Құрылыс» ЖШС құрылыс жұмыстарын жасауда.


2022 жылдың сәуір айында басталған құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қараша айында пайдалануға берілу жоспарлануда.


Аталған зерделеу, зерттеу жұмыстарына «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Мұстафаева Қаншагүл, аудандық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Асқарова Қанбибі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Кенжебаев Ахан және Жалағаш аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Жаппасбаев Қайрат қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: