Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 21:44

Медициналық сақтандыру кімге тегін?

12.07.2022

557

0

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет МӘМС жүйесіне азаматтардың 15 жеңілдетілген санаты үшін жарналар аудару бастады. Төлемдерді мемлекет төлейді. Жеңілдігі бар 15 санат «сақтандырылған» мәртебесіне ие және оларға МӘМС тізіміне кіретін барлық медициналық қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекет есебінен МӘМС үшін жарна төленетін жеңіл­дік­ке ие 15 санат қатарына кімдер және қалай кіреді:

1) 18 жасқа дейінгі балалар. Балаға туу туралы куә­лі­­гі табысталған, яғни жеке сәй­­кестендіру нөмірі (ЖСН) бе­ріл­ген уақыттан бастап «сақ­тан­дырылған» болып саналады.

2) Жұмыссыз ретінде ресми тіркелген тұлғалар. Мұндай мәртебе алу үшін Халықты жұ­мыс­пен қамту орталығына барып, жұмыссыз ретінде ресми тіркелу қажет.

3) Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер. Аталған жеңілдік сана­тына ену үшін әйел тіркелген ем­ханада жүктілігі бойынша уақ­тылы есепке тұруға тиіс. Соң­ғы 2 айда ол үшін зейнетақы жар­налары мен әлеуметтік ауда­рым­дардың болмауы шарт. Жеке кәсіпкерлер ретінде тір­келген және өз қызметін тоқ­тат­паған әйелдер, сондай-ақ БЖТ төлейтін әйелдер жұмыс іс­тейтін болып саналады және же­ңілдік санатына енгізілмейді.

4) Үш жасқа толмаған бала тәр­­биесімен айналысатын жұ­мыс істемейтін тұлға. Бұл са­нат­тағылар автоматты түрде «сақ­­­­тандырылған» мәрте­бе­сіне ие болады. Бірақ ресми түр­­де жұ­мыс істемеуі және де олардың атына соңғы 2 айда зей­­нетақы жарналары мен әлеу­мет­­тік аударымдар жасалмаған бол­уы керек.

5) Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға бай­ланысты, сондай-ақ бала үш жасқа толғанға дейін оның кү­ті­міне байланысты де­ма­лыс­­тағы тұлға. Олар дема­лыс­қа рес­ми түрде шыққан кезде «сақ­тандырылған» мәрте­бе­сін алады.

6) Мүгедек баланы күтіп-баға­тын, жұмыс істемейтін адамдар. Баланың тиісті құжаттарын дайындаған кезде күтім жасайтын тұлғаның мәліметтері де­рек­қорға енгізіледі. Ке­йін автоматты түрде «сақтандырылған» мәртебесін иеленеді.

7) Бірінші топтағы мүге­декке күтім жасайтын жұмыс іс­те­­мейтін адам. Мүм­кін­дігі шек­теулі жанның тиісті құжат­та­рын дайын­да­ған кезде күтім жасайтын тұлғаның мә­лі­мет­тері дерек­қорға енгі­зі­леді. Ізінше «сақ­тан­ды­рыл­ған» мәртебесі ав­то­матты түрде беріледі.

8) Зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Бұл жерде мемлекеттен сақ­тан­дырылғандардың тізіміне Қазақ­стан­ның Бірың­ғай жинақ­тау­шы зейнетақы қорынан зейнетақы алатындардың ғана енгізілгенін атап өту қажет. Зейнетақыны әлі ресми түрде рәсімдемеген адамдар және басқа мемлекеттерден зейнетақы алатын адамдар жеңілдік мәртебесін ала ал­майды.

9) Қылмыстық-атқару (пени­тен­циарлық) жүйесінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар. Бұл жеңілдік санатына ену үшін қамаудағы мекеменің жауапты қызметкері жазасын өтеуші адамның де­рек­терін ақпараттық жүйеге енгізуі қажет.

10) Тергеу изолятор­ларын­да­ғы адамдар, сондай-ақ үйқамақ тү­ріндегі бұлтартпау шарасы қол­данылған жұмыс істемейтін адамдар. Бұл санаттағы жандар туралы мәліметті уәкілетті органның қызметкерлері жүйеге енгізеді.

11) Жұмыс істемейтін қан­дас­тар. «Қандас» куәлігін алған соң, соңғы екі айда МӘМС үшін төлем жасалмаған болу керек. Сонда автоматты түрде же­ңіл­дік санатына енгізіледі.

12) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен мара­пат­тал­ған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп­балалы аналар автоматты түр­де «сақтандырылған» мәр­те­бе­сіне ие болады.

13) Мүгедектер. Ресми құжа­ты шыққан кезде, мәртебе авто­мат­­ты түрде беріледі.

14) Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін­гі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйым­да­рында күн­діз­гі оқу нысанында білім алатын тұлғалар. Қазақс­танда оқи­тын студенттер жеңіл­де­тіл­ген санатқа автоматты түрде қосы­ла­ды.

Бұл жерде шетелдік оқу орын­дарында күндіз оқитын қа­зақ­стандық студенттер МӘМС жүйе­сінде «сақтандырылған» тұлғалардың автоматты түрдегі жеңілдік мәртебесін бірден ала алмайтынын ескеру керек. Олар egov.kz электронды үкі­мет порталындағы сервисті пай­­далана отырып, жүйеде өз бе­тін­ше тіркелуі қажет. Ол үшін төмендегі әрекеттерді орындау керек:

– Іздеу жолағына «Шетелде оқи­тын студенттерді тіркеу» деп теру;

– Ашылған терезеде өтінішті тол­тыру және оқуды растайтын құжаттарды қоса беру;

– Өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қою;

-Көп жағдайда сақтан­ды­ру­дың жеңілдік мәртебесі жолдарды дұрыс толтырған уақытта 10 жұмыс күні ішінде беріледі;

-Егер сақтандырудың жеңіл­дік мәртебесін беру көрсе­тіл­ген мерзімнің ішінде жүзеге асы­рылмаса, Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласу қажет.

Студент әрбір семестр аяқ­тал­ғаннан кейін сақ­тан­ды­ры­лу мәртебесін тексеруі және оқудың өзектілігін растауы қа­жет екенін есінде ұстағаны дұ­рыс. Өйткені дерекқордағы мәліметтер өзгеруі мүмкін.

15) Жұмыс істемейтін мем­ле­­кеттік атаулы әлеуметтік кө­мек алушылар. Әлеуметтік тө­лем тағайындалған кезде «сақ­тандырылған» мәртебесі автоматты түрде беріледі.

Егер сіз осы 15 санаттың бі­рі­не кірсеңіз, бірақ «сақ­тан­ды­рыл­маған» болсаңыз, растайтын құжаттар тізімін жинап, Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыруыңыз керек. Ақпарат мемлекеттік органдарға жолданып, тиісті шаралардан соң сізге «САҚТАНДЫРЫЛҒАН» мәр­тебесі беріледі және сіз үшін мем­лекет жарна төлейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: