Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

31°C

, Сенбі, 03 мамыр, 18:11

7 мамырда Жеңіс күніне арналған мерекелік шеру өтеді

02.05.2025

50

0

7 мамыр күні Астанада екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған әскери парад өтеді. Салтанатты шара елорданың басты алаңдарының бірі Тәуелсіздік алаңында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, парадқа 4000-нан астам әскери қызметші, 200-ден астам заманауи әскери техника, сондай-ақ 66 бірлік майдандық, армиялық және көліктік авиация қатысады. Әуе шеруі кезінде ұшақтар мен тікұшақтар аспанды әсем көріністермен көмкереді.

Мерекелік шеруді республика көлемінде телеарналардан, барлық қаладағы LED экрандардан және Қорғаныс министрлігінің YouTube арнасынан тікелей эфир арқылы тамашалауға болады.

Бұл әскери шеру Қазақстан Қарулы күштерінің кәсіби дайындығы мен техникалық әлеуетін көрсететін маңызды оқиға. Ел мерейін үстем етіп, халықтың патриоттық рухын көтеретін шара Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы айтулы күндердің бірі болатыны сөзсіз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: