Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша 11 жасар бала қатарларымен ойнап жүріп, каналға түсіп кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар баланы іздеуге кіріскенмен денесі тәулікке жақын уақытта табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Суға шомылу маусымы басталғалы бері жедел құтқарушылар жасағы су айдындары жағасын жіті қадағалап жүр. Жұртшылық арасында үгіт-насихат жұмыстары ұдайы жүргізілгенімен ескертуді елейтіндер аз болып тұр.
Олардың айтуынша күн ысығалы бері Титов, Ақмешіт және Ескі базар маңынан облыс орталығын жанай ағатын дария жағалауына шоғырланушылар көп. Олардың арасында мектеп жасындағы балалар да аз емес. Құтқарушылар оларды ата-анасына немесе полиция бөлімшесіне тапсырады. Тағы бір мәселе – жағажайлардың аздығы. Бүкіл облыс аумағында шомылуға лайықталған 4-ақ орын бар.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!