Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Сейсенбі, 06 мамыр, 04:10

«Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті » пайда болды

05.05.2025

26

0

Қазақстанда «Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті» пайда болды. Жаңа цифрлық сервисті қаржы министрлігі іске асырды.

Ведомствоның мәліметінше, Кеден, E-Qazyna-тізілім, ИСНА, Qoldau және басқа да көптеген порталдың бар екендігін кәсіпкерлер біле бермейді. Сол себепті жаңа цифрлық жобаны құру қажеттілігі туындаған.

Бұл жүйелердің барлығы біртұтас және ыңғайлы платформаға біріктірілді.

«Кәсіпкерлер барлық негізгі мемлекеттік және квазимемлекеттік платформаға қол жеткізе алады, бұл процестерді айтарлықтай жеңілдетеді және уақыт шығындарын азайтады. Бірыңғай жеке кабинетті енгізу ұлттық цифрлық трансформация шеңберінде жүзеге асырылады. Бұл жай ғана техникалық жаңарту емес – бұл мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының жаңа мәдениетін қалыптастыруға жасалған қадам», – деп хабарлады министрліктегілер.

Жаңа сервис кәсіпкерді тіркеуден бастап салықтық жеңілдіктер алуға және сатып алуға қатысуға дейінгі іскерлік белсенділіктің барлық циклін қамтиды.

Кабинеттің көмегімен сіз:

салық есептілігін беру;

артық төлемді қайтару үшін хабарласу;

төлемдерді нақтылау;

салық режимін өзгерту;

және бюджетпен есептеулерді қадағалай аласыз.

Мұның бәрін электрондық форматта және мемлекеттік органдарға бармай-ақ жүзеге асыруға болады.

«Пайдаланушыларға одан да ыңғайлы болу үшін веб-нұсқаның барлық функционалдығын сақтайтын мобильді қосымша әзірленуде. Ол App Store және Play Market-те жүктеуге қол жетімді, бұл қызметке елдің кез келген жерінен тәулік бойы қол жеткізуге мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда жоба даму сатысында, сыртқы платформалармен интеграция аяқталып, интерфейсті жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: