Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Сейсенбі, 13 мамыр, 04:49

Қазақстандықтарға мемлекеттен 1,5 миллион теңге алу ұсынылды

12.05.2025

18

0

21 мамырдан бастап 1-лек бойынша жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант алуға өтініштер қабылданады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, республика бойынша бірінші лекте 4 500 адамға грант беру жоспарланып отыр. Өтініш Business.enbek.kz порталында қабылданады.

Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, негізгі мақсаты – жаңа бизнесті бастау және дамыту. Гранттың мөлшері – 400 АЕК (1 572 800 тенге). Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

«Грант ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге бизнес әлеуетін арттыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп жазылған хабарламада.

Өтініш беру шарттары

  • Порталда тіркелу;
  • грант алу шарттарына сәйкес тексерістен өту;
  • бизнес жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
  • өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Интернет немесе компьютер болмаса, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтініш беруге болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: