Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

29°C

, Жұма, 16 мамыр, 04:28

ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай дін қызметкерлері марапатталды

15.05.2025

20

0

Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Қазақ даласындағы дәстүрлі ислам құндылықтары» VІ Республикалық имамдар форумы аясында бірқатар дін қызметкерлері ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталды.

Құрметке ие болғандар қатарында қызылордалық дін қызметкерлері де бар. Атап айтқанда, Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ұстазы Дайрабай Рысбай және Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Дүр Оңғар ауылдық мешітінің имамы Шарафаддин Ахметов сынды азаматтар марапатқа ие болды. Бұл қос қызметкер де дін саласында 30 жылдан астам уақыт адал еңбек етіп келеді.

Аталмыш марапат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толуына орай, ел ішінде дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттап, халыққа діни-ағарту бағытында аянбай қызмет етіп жүрген имам-молдаларға көрсетілген құрметтің белгісі ретінде табысталды.

Салтанатты рәсім барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы марапат иелеріне алғыс айтып, олардың ел ішіндегі рухани тұрақтылықты сақтау мен діни сауаттылықты арттыруға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Марапатталған дін қызметкерлері ҚМДБ жүктеген жауапты міндеттерді абыроймен атқаруға әрі қарай да үлес қосуға дайын екендіктерін жеткізді.

ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай дін қызметкерлері марапатталды 1.jpg

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: