«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Ақсу ауылдық округі» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында «Ұлттық құндылықтар – заманауи ұстаз келбетінің негізі» атты сайыс ұйымдастырылды.
Сайыстың мақсаты – ұлттық құндылықтарды жаңғырту және оларды білім беру жүйесінде сақтау, заманауи ұстаздардың қоғамдағы рөлін айқындау, ұлттық тәрбие мен білім беру жүйесінің сабақтастығын көрсету.
Шара бірнеше кезеңнен тұрды:
«Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат» – қатысушылар ұлттық құндылықтар мен ұстаздық миссия туралы ойын жеткізді;
«Тарихи-мәдени мұра» – ұлттық мұрадан үзінділерді сахналап, орындады;
Үшінші кезеңде – жаңа технологияларды пайдалана отырып, ұлттық құндылықтарды білім беру үдерісіне енгізу жолдарын ұсынды.
Сайыс нәтижесі бойынша арнайы номинациялармен және жүлделі орындармен марапатталды:
Номинациялар:
- «Ұлттық болмыс үлгісі» – Ысқақова Ақмарал
- «Ұлағатты мұрагер» – Тәуекел Сымбат
- «Ұлттық рухтың жанашыры» – Қазыбекова Құралай
Жүлделі орындар: - III орын – Ұйқасбаева Ләззат
- II орын – Таужанова Гүлназ
- I орын – Қожағұлов Медет
Барша жеңімпаздарды құттықтаймыз! Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, жас ұрпаққа насихаттаудағы еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!