Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Сейсенбі, 20 мамыр, 01:32

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

19.05.2025

15

0

      Сыбайлас жемқорлық –кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін ,әлеуметтік  әділетсіздікті тудыратын ең өзекті мәселелердің  бірі.Бұл құбылыс тек  экономикалық емес,саяси, әлеуметтік  және рухани салаларға да  теріс әсерін тигізеді.

     Сыбайлас жемқорлық мемлекетке деген сенімді әлсіретіп, әділеттілік пен теңдік қағидаттарына сызат түсіреді.Бұл құбылыс бизнес  пен инвестицияның дамуына кедергі келтіріп,білім беру,денсаулық сақтау , құқық қорғау сияқты маңызды салаларда әділетсіздіктің өршуіне  себеп болады. Ең қауіптісі-жастардың бойында  “қолында билік не ақша болмаса , ештенеге қол жеткізе алмайсың” –деген теріс түсінік қалыптасуы мүмкін.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес –мемлекеттік саясаттың  басым бағыттарының бірі. “Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл туралызаң қабылданып,арнайы агенттік құрылды. Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігі артып келеді, цифрландыру процестері енгізілуде. Мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібі де барынша әділдікке бағытталған.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес,  бүкіл қоғамның, әр азаматтың ортақ ісі болуы тиіс. Әр адам өз құқығын  білуі, заң талаптарын сақтау мен әділдікке ұмтылуы қажет. “Пара берме –пара алма” қағидаты  өмірлік ұстанымға айналу тиіс.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу –еліміздің жарқын  болашағы үшін қажет.Әділетті  қоғам құру үшін әрқасымыз адалдықты, заңдылықты және  азаматтық жауапкершілікті жоғары қоюымыз керек. Сыбайлас жемқорлықты жеңу-мүмкін, егер қоғам  болып бірлесе әрекет етсек!

К.Каипбаева

Жалағаш аудандық  қазынашылық

 басқармасының бас маман-бас қазынашысы 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: