Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Сейсенбі, 20 мамыр, 02:50

24 мамырдан бастап үйі жоқ азаматтар онлайн кезекке тұра алады

19.05.2025

17

0

Елімізде тұрғын үй алу жүйесінде жаңа өзгерістер енгізілді. Енді 24 мамырдан бастап азаматтар тұрғын үй кезегіне бұрынғыдай тек жергілікті әкімдік арқылы емес, «Отбасы банк» арқылы тұра алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған жаңа бірыңғай электрондық жүйе тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың өтініштерін онлайн қабылдап, автоматты түрде өңдейді.

Енді үй кезегіне тек әлеуметтік осал топтар ғана емес, соңғы бес жылда өз атына тұрғын үй тіркелмеген барлық азаматтар өтініш бере алады. Бұл жүйе процестің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Өтініш беру үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

  • ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы жүйеге кіру;
  • Егер бар болса – жеңілдік санатыңызды көрсету;
  • Деректерді өңдеуге келісім беру;
  • Егер үй апатты деп танылса – техникалық қорытындыны жүктеу;

Айта кетейік, жүйе автоматты түрде өтініш берушінің деректерін және тұрғын үйінің бар-жоғын тексереді. Өтініштер арнайы онлайн платформа арқылы қабылданады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: