Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

32°C

, Сәрсенбі, 21 мамыр, 20:28

Тазалық жұмыстары тоқтамайды

20.05.2025

10

0

Жалағашқа табан тіреген қонақтар туған өлкеміздің тазалығына, жасыл-желекті көшелеріне тамсанып жатады. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы ауданды көркейтіп-көгалдандыру бойынша бірқатар тынымды тірлік атқарылуда. Көктем келісімен жалағаштықтар сенбілікке шығып, көше, аула тазалығына белсене араласты. «Жалағаш қызмет» мекемесі, сондай-ақ жергілікті шаруашылықтар да арнайы техникаларын шығарып, су келетін арықтарды қазу, қоқыстарды арнайы орындарға жеткізу секілді ауқымды жұмыстарға үлес қосуда. Міне, сол бірлікпен келген тірліктің нәтижесі көз алдымызда.

Наурыз айынан бастап аудан кө­лемінде көркейту және көгалдандыру жұ­мыстарының іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда аудан тұрғындары көше­лерді көркейтуге ден ойып, аула­дағы бау-бақшаны күтіп-баптауға кіріскен
Былтыр Мемле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елі­мізде «Таза Қа­зақ­стан» экологиялық акциясы аясында ау­­мақтарды абаттандыру, кө­­гал­­дан­дыру жөнінде бірқатар тап­сырма жүк­­­теп, ай­мақ басшысы да өз үн­деуін жария­ла­ды.
Осы орайда өткен сенбідегі таза­лық акциясына аудан әкімі Ардақ Ибраи­мов қатысып, жауапты сала басшыларына сани­тар­лық тазалау жұ­мыстарын тиімді жүр­гізуді тапсырды.
– Туған жердің көркеюіне, гүлденуіне үлес қосу – әрбір тұрғынның азаматтық парызы. Қазіргі таңда кентте, ауыл­дар­да көркейту жұмыстары жүруде, бұл ша­руаны әрбір азамат өз ауласынан бас­тағаны жөн. Өз ауламызға тазалық жұмыстарын жүргізіп қана қой­май, сая­лы ағаш отырғызып, гүл егіп, үйімізді ақ­тап, қақпамызды сырлап қойсақ, үй-жайымыз да жаңарып қа­лады, екін­ші жағынан ауданның тазалық жұ­мыс­та­рына да үлесімізді қосқан болар едік. Тазалық акцияларына, санитарлық жұ­мыстарға белсене қатысып, көпке үлгі болып жүрген белсенді азаматтарға ал­ғыс айтамын. Әрине, «Таза Қа­зақ­стан» акциясы өз жалғасын табады. Биыл ауданды көркейтуде бірқатар жо­бамыз бар, – деді аудан әкімі Ардақ Әбдіғаппарұлы.
Аймақта 2-3 жылдан бері облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың баста­ма­сымен «Үлгілі елді мекен» конкурсы өтіп келеді. Был­­­тыр кон­курстың «Үздік ауыл» но­ми­­на­циясы бойынша Таң ауылы ІІ орын иеленді. Жеңімпаздарға тазарту жұмыстарына қа­жет арнайы техникалар та­быс­­тал­ды. Сондай-ақ ауданда жыл сайын «Үздік аула» бай­қауы ұйымдастырылуда. Осы жо­балардың жалғасы ретінде был­тыр ауданда тұңғыш рет «Жасыл көше – 2024» байқауы өтті. Міне, аталған іс-ша­ралар азаматтардың экологиялық мәдениетін көтеруге бағытталған. Яғни тұрғындар аулаларымен қатар өздері тұратын көше бойын абаттандырып, аяқсу жүретін арықтарды қазып, кент келбетінің көркеюіне үлес қосуы тиіс.
Айта кету керек, кентте барлығы 85 шақырымды құрайтын 71 көше бар. 2023 жылы облыстық бюжеттен 1 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп, 11 көше жөндеуден өткен. Осының негізінде бүгінде асфальт төселген жолдардың үлесі 94 пайызға, жарықтандырылған көшелердің үлесі 55 пайызға жетті.Сонымен қатар алдағы уақытта кенттегі орталық алаң жөнделеді. Бүгінде қайта жаңғырту жобасының жоба-сме­талық құжаттары әзірленіп, сарап­та­ма­дан өтті. Облыстық энергетика және тұр­­ғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лық бас­­қармасына бюджеттік өтінім жол­данған.
Тағы бір жақсы жаңалық, бұрын кент ор­та­лы­ғында ашық бассейн бо­латын. Шіл­денің шіліңгір ыс­ты­ғында тұрғындар сол маңнан сая тауып, суға шомылатын. Алайда кейін ол бассейн жабылып, қа­раусыз қал­ды. Міне, өткен аптада аудан әкімі ашық бассейннің қазіргі жағ­­дайымен таны­сып, нысанды қайта қал­пына кел­­тіру бойынша жұмыстарды ұйым­дастыруды тапсырды. Аталған бассейн – суға түсу маусы­мында тұрғындар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік бе­ретін маңызды әлеуметтік нысан­дар­дың бірі. Осы ретте нысанды қалпына келтіру мақса­тында қажетті қаражат көздерін қа­рас­тыру және жобалық-сме­талық құжатта­ма­лар­ды әзірлеу мәселесі талқыланды. Аудан әкімі нысанның заманауи стандарттарға сәйкес қайта қалпына келтіруді тапсырып, тиісті сала мамандарына нақты міндеттер жүктеді.

Жандос ЖАЗКЕН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: