Қызылорда облысында үйірлі шегірткеге қарсы өңделуге тиіс 17,132 мың гектардың 10,524 мың гектарында жұмыс аяқталды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Шегірткеге қарсы күрес шаралары Арал ауданына қарасты Қарақұм, Сазды, Аққұм, Қосаман және Жіңішкеқұм ауылдық округтерінің аумағында жүргізілді. Жұмысқа 2 жеңіл авиация кемесі, 2 аса жеңіл ұшақ, 12 жерүсті техникасы, 5 дрон, 45 арқаға асылатын бүріккіш жұмылдырылды. Мониторинг жұмыстарына 48 маман тартылған.
«Облыс бойынша шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес шараларын жүргізу үшін болжанған жалпы аумақ — 60,024 мың гектар», – деп жазылған хабарламада.
Өңірде облыс әкімінің орынбасары басқаратын жедел штаб жұмыс істейді, осындай штабтар аудан деңгейінде де қызмет етуде. Жергілікті жерлерде мониторинг жүргізу және іс-қимылды үйлестіру үшін 279 адам тартылған.
Жалпы, үйірлі шегірткелердің дернәсілдерін анықтау мақсатында 445,8 мың гектар жерге зерттеу жүргізілді. Күрес шаралары АӨК-дегі мемлекеттік инспекция комитетінің бақылауымен өтуде. Егін алқаптарының зақымдану жағдайы тіркелген жоқ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!