Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

32°C

, Бейсенбі, 29 мамыр, 12:08

«Ұстаздарды құрметтеу керек»: Оқу-ағарту министрлігі Назарбаев мектебінен шығып қалған оқушының дауына қатысты пікір білдірді

27.05.2025

54

0

Оқу-ағарту министрлігі Назарбаев зияткерлік мектебінен оқу жылының аяқталуына екі күн қалғанда шығып қалған 11-сынып оқушысының жағдайына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Министрлік ресми мәлімдеме жасап, Қазақстанда мұғалім мәртебесі заңмен бекітілгенін және оның қоғамдағы ерекше рөлін атап өтті.

«Ата-аналар мен оқушылар ұстаздарды құрметтеуге тиіс, өйткені білім беру жүйесіне деген сенім ұстаздарға деген сенімнен басталады. Оқу-ағарту министрлігі олардың мәртебесіне нұқсан келтіретін кез келген әрекетті айыптайды. НЗМ тек ішкі тәртіп ережелеріне емес, адамгершілік пен кәсібилік қағидаттарына негізделген шешім қабылдайды деп сенеміз», – делінген хабарламада.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: