Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Бейсенбі, 29 мамыр, 07:37

Адам папиллома вирусы және одан қорғану жолдары

27.05.2025

43

0

Папиллома вирусы не­ме­се адам папил­ло­ма ви­русы (АПВ) – папиллома ви­рустық топтардан құ­рал­ған. Бес тұқымдас­тық­тан шыққан 27 түрі кез­де­седі, 200-ден астам типтес вирустық топ, вирустың кей­бір штамдары онко­ло­гия тудыруы мүмкін.

Папиллома ви­ру­с­­ын жұқтырған адамдарда инкубациялық кезең бір­не­ше айлардан 10-15 жылдың ішінде жатыр мойны обы­ры­ның өршуіне алып келуі мүмкін. Ең қауіп туды­ра­тыны – 6, 11, 16, 18 тұқым­дас­тықтан туындайтын вирустар тобы.

Аурудың алдын алу ша­ралары:

– иммунитетке мән бе­ру, адамның иммунитеті жо­ғары болса, вирусты әл­сіретіп басып жоюы мүм­кін. Ал егер иммунитеті күрт төмендесе, онда ви­рус­тың әсері жоғарылап, а­с­қынуларға алып келуі ықтимал;

– ең бастысы, АПВ-ны ал­­дын алудың негізгі жолы – вирусқа қарсы екпе алу.

Адам папиллома ви­ру­сы­на қарсы вакцина жатыр мойны обырынан қор­ғай­ды, сонымен қатар адам ви­рус папилломасына қар­сы вакцина әйелдің бала туу қабілетіне әсер ет­пей­ді.

АПВ-ға қарсы вак­ци­на­циялау әлемнің 135 елінде жүргізіледі, сондай-ақ көр­шілес елдерде, 2013-14 жылдардан бастап Өз­бекстанда, Қырғызстанда, Түрікменстанда, Ресейде де жүргізілуде. Әлемдік дең­гейде АПВ-ға қарсы вакцина өзінің тиімділігін дәлелдеген. Сонымен бір­ге жасөспірім қыздар ара­сын­да вакцинациялаудан кейінгі жағымсыз реак­ция­лар тудырғаны жөнінде дәйек тіркелмеген.

Қазақстанда адам па­пи­ллома вирусына қарсы вакцинациялау 11 жастағы қыздарға жасалады. Се­бебі Дүниежүзілік ден­сау­лық сақтау ұйымының де­рек­тері бойынша АПВ вак­цинасын ерте жаста, яғни 9-14 жас ара­лы­ғын­дағы жасөспірім қыздар арасында қолдану ба­рын­ша тиімді.

Вакцина білім беру ұйым­­дарындағы егу ка­би­неттері арқылы тегін жүр­гі­зіледі. Вакцинациялауға ата-анасынан немесе қам­қоршыларының ақ­па­рат­тан­дырылған келісім­де­рі­мен жүргізіледі. Сонымен қатар вакцинациялауға ден­саулығында ақауы жоқ, сау балаларға дәрігердің тексерулерінен кейін, қар­сы көрсетілімдері бол­ма­ған жағдайда жүргізіледі. АПВ вакцинасы иммунитеті төмендеп, әлсіреген адам­дар үшін де қауіпсіз. Вак­ци­нация Гардасил вак­ци­насымен жүргізіледі, алты ай интервалымен екі рет егіледі.

Қазақстан Рес­пуб­ли­касы бас мемлекеттік са­ни­тариялық дәрігерінің 2024 жылғы 17 қыр­қүйек­те­гі №11 қаулысында ата-ана­лардың (заңды өкіл­де­рі­нің) ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін 12 жастан бастап, 13 жас 11 ай 29 күнді қоса алғанға дейінгі жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы толықтыра вакцинациялау жүр­гі­зі­ле­тінін хабардар етемін.

Жасөспірім қыздарға АПВ-ға қарсы вак­ци­на­ция­лау туралы шешім қа­был­дата отырып, сіз оларды болашақта онкологиядан қорғайсыз.

Г.Айымбетова – Жалағаш аудандық СЭБ басқарма басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: