Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Жұма, 06 маусым, 03:14

Алақай, жазғы демалыс!

31.05.2025

68

0

Мектеп оқушылары үшін алаңсыз ойын ойнап, тамаша табиғаттың аясында шат-шадыман шаттық лебі әлпештеген демалыс күндері басталды. Осы орайда жеткіншектердің жазғы демалысын тиімді және қызықты ұйымдастыру – ел азаматтарына парыз. Өйткені болашақтың іргетасы келешек ұрпақ екені сөзсіз.

Аудандық оқушылар үйінде 1 мау­сым – Балаларды қорғау кү­ніне орай «Баланың әл-ауқаты – мем­ле­кеттің қамқорлығы» тақы­ры­­бын­да ер­кін фор­матта жиын өтті. Оған ау­дан­дық білім бөлімінің бас­шысы Талғат Са­дықов және мектеп белсен­ділері мен озат оқушылар қатысты.
Жиында оқушылар ау­дан­­ның бас ұстазымен ашық пікір алмасып, өнер­ге жаны құштар жас өрен­дер өз же­тіс­тіктерімен, шабыт кө­зімен және ал­дағы армандарымен бө­лісті. Одан бөлек оқушылар оқу про­це­сіндегі түрлі жобалардың қызықты екенін әрі оқу­ға құштарлығын әр­да­йым артыратынын жеткізіп, ұстаз­дар­ға алғысын білдірді.
Сондай-ақ жиында озат оқушылар аудандық білім бөлімінің арнайы алғыс хатымен марапатталды. Тағы бір ерекше айта кететін жайт, жиында 7 оқушыға Шымкент қаласындағы «Қуа­ныш» ла­геріне және 10 балаға Астана қаласына туристік саяхатқа жолдама табысталды.
– Ұстаздар мен оқушыларды ке­зекті оқу жылының аяқталуымен құт­тықтай­мын. Оқушылардың жазғы де­­малысын ұйымдастыру ма­ңыз­ды іс-шаралардың бірі екені бел­гілі. Сондықтан бала­лардың қауіп­сіздігін басты назарға ала отырып, жазғы дема­лысты тиімді өткізу бойынша бір­қатар жұмыс атқарылды. Сырткы лагерь жұмыстарын ұйымдастыру, мектеп жа­нындағы күндізгі тынығу лагерлерін ашу, облыс көлемiнде және облыстан тыс лагерге балаларды жіберу, қосым­ша білім беру үйір­мелеріне қамту, ту­­ристік саяхат, та­рихи-танымдық экс­­курсиялар ұйым­дас­тырылады. Мәселен, биылғы мау­сымда Алматы қаласындағы «Тау-Жаңашар» республикалық ла­ге­ріне 50 бала, Жаңақорған ауданы «Талдысу» облыстық лагеріне де­меу­шілер есебінен аз қамтамасыз етіл­ген отбасынан шық­қан 100 ба­ланы, «Қазақстан қоры» де­меу­шілі­гі­мен Шымкент қаласындағы рес­пуб­ликалық «Қуаныш» лагеріне 50 ба­ланы жіберу жоспарлануда. Таным­дық экскурсияларға 129 баланы алып барамыз. Бір сөзбен айтқанда, 6 553 баланың жазғы демалыс ша­раларымен 90 пайызын қамту жос­парда бар, – деді аудандық білім бөлімінің басшысы.
Әрине, жыл бойы білімімен, өне­рімен, спорттық қабілетімен мектептің, тіпті ауданның абыройын асқақтатып жүрген озат оқушылар жазғы де­малы­сын қызықты өткізуге әб­ден лайық. Сондықтан болар, жол­дама иелері ұс­таздарға, аға-апа­ларға алғыс ай­тып, білімді және тәр­тіпті болуға уәде берді. Дарынды оқу­шылардың қа­та­рында рес­публикалық пәндік олим­пиа­да жүл­дегерлері, Абай­тану, І.Жан­сүгіров, Шер­хан Мұр­таза және Мағжан оқула­рының жеңім­паздары да бар.
– Қуанышымда шек жоқ. Жазғы де­малысты қалай өткіземін деп ой­лай­тынмын. Бүгін Шымкент қаласындағы «Қуаныш» лагеріне жолдама алдым. Ұз­таздарға, демеуші аға-апа­ларыма рахмет айтамын. Жыл бойы үздік оқы­­дым. Түрлі білім додаларына қа­тыс­тым. Республикалық VII Абайтану олим­­­­пиадасында жүлдегер атандым. Бо­­­­лашақта елге қызмет ететін білімді тұл­ға болуды армандаймын, – дейді №232 мектептің оқушысы Альфия Балхан.
Айта кетейік, аудан орталығындағы «Ақтерек» сауықтыру лагерінің жо­­ба­лық қуаты бір ауысымда 80 ба­ланы қамтуға мүмкіндік береді. Ла­герь аумағында жалпы 5 ғимарат орналасқан. Оның 4-еуі жатын орынға арналған ғимарат болса, мұнан бөлек 80 орындық арнайы ас­ха­насы тағы бар. Сонымен қатар ашық спорт алаңы, сыртқы бассейн, мәдени іс-ша­ралар өтетін орын бар.
Осында жаз бойы 6 ауысыммен 452 ба­ланы қамту жоспарланған. Оның ішінде 402 бала міндетті оқу қоры есебінен, 50 бала кәсіподақ есе­бінен демалады. Әр ауысым уақыты – 10 күн.
Мұнда танымдық-логикалық, спорт­­­­тық жарыстар өтіп тұрады. Одан бө­­­лек бой сергіту, ой сергіту және та­­­­ным­дық бағытта түрлі ойындар ұйым­­дас­­тырылады. Сонымен бірге ла­герде сурет, қолөнер, робо­тотех­ника, по­лиглот және өрт қауіпсіздігі үйір­мелері жұмыс істейді. Сондай-ақ тынығушыларды бел­­гіленген күні Б.Құл­текенов атындағы ау­­дандық жа­бық бассейнге, ба­­ла­лар­дың та­рихи танымын кеңейту мақ­­сатында «Ру­ханият» орталығына, Қор­қыт ата ме­мориалдық кешеніне сая­хаттау жоспарланған.
Мектеп жанындағы күндізгі тынығу ла­герлеріне тоқталсақ, 27 мамыр мен 20 маусым аралығында 20 мектепте 2 ауысымда 2250 бала ыстық тамақпен, 450 тамақсыз мектеп жанындағы ты­­ны­ғу лагері ұйымдастырылады. Мектеп жа­нындағы және қосымша білім беру ұйымдары жа­­нындағы ла­гер­лер түрлі бағытта жұ­мыс жасайды. Оған 3260 бала қамтылады.
Сондай-ақ «Еңбек» лагеріне 1500 бала барады. Жалпы бұл шаралар ша­руа қожалықтармен бір­лесіп жүзеге асы­­рылады. Мұнан бөлек «Кә­сіп­тік бе­йім­деу» лагеріне 350, «Құқықтық ке­ңес» лагеріне 350, «Этноауыл» ла­ге­ріне 350, «Өнерлі мектеп» лагеріне 350, «Көр­кем еңбек» лагеріне 360 бала қамтылады.
Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруді қоғам, ұстаздар қауымы болып, ең бас­тысы, ата-аналар болып қолға ал­сақ, болашағымыз жарқын болмақ. Ба­­лаларымызды отансүйгіштікке, ата-баба салт-дәстүрін құрметтейтін ұр­пақ тәр­биелеу баршаға – бірдей міндет.


Ж.АРЫН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: