Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

27°C

, Сейсенбі, 24 маусым, 20:01

Тұраржан Әкімбай, мемлекеттік қызметші: Елдің қамын ойлау – мемлекеттік қызметшіге тән сипат

24.06.2025

30

0

«Балалық шағымыз Кеңес өкіметі құлап, енді ғана тәуелсіздігін алған, ашық саяси жүйе қалыптаса қоймаған қоғамда өтті. Дегенмен халықтың еңбекқорлығының, оның ішінде саяси сауаты бар, ел үшін адал қызмет ететін тұлғалардың жүйелі жұмыстарының арқасында бүгінде еліміз аяққа тұрды. Әлемдік аренада саяси және экономикалық маңызы бар Қазақстан деген алпауыт мемлекетке айналды. Ендігі елдің тізгінін біздің қатарластарымыз алып, жастар жауапты қызметтерге тартылуда. Міне, Отанымыздың одан әрі дамып, өркениетке бастауы үшін туған жерімде еңбек етіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеп жүрген жастардың бірімін» деп бастады әңгімесін мемлекеттік қызметші Тұраржан Әкімбай.

Тұраржан Әкімбай жаста болса жасқанбай, мемлекеттік қыз­меттің жа­уапкершілігін сезініп, түрлі қыз­мет­­терді абыроймен атқарып жүр. Қа­зіргі таңда аудан әкімдігінің «Жала­ғаш ау­­даны әкімінің аппараты» ком­му­нал­­дық мемлекеттік мекемесінің пер­­­­­соналды басқару бөлімінде бас ма­­ман лауазымында еңбек ету­де. Мек­теп кезінен елге қызмет ету­ді ар­мандаған ол Қор­қыт ата атын­дағы Қызылорда универ­си­тетінің «эконо­мика және бизнес» ма­­­ман­­дығына оқуға тү­седі. Оқуды үз­­­дік бітіріп, ойлан­бас­тан туған жер­де жұмыс істеуді жөн көрген.
Осылайша жастар тәжірибесі ар­­қылы аудандық ішкі саясат бөлі­мін­де еңбек жолын бастайды. Мұнан ке­йін аудандық қоғамдық даму бө­лімінде, Жалағаш кенті әкімі ап­па­ратының құқықтық қамтамасыз ету, шаруашылық және кәсіп­кер­лікті да­­мыту бөлімінде бас маман мін­дет­­терін уақытша атқарушы және Жа­ла­ғаш кенті әкімі аппаратының құ­қықтық қамтамасыз ету, шаруашылық және кә­сіпкерлікті дамыту бөлімінде бас маман лауазымында қызмет еткен. Ол се­гізжылдық жұмыс тәжі­рибесін­де мем­лекеттік қызметтің қыр-сыры­мен та­нысып, халықпен ты­­ғыз қа­рым-қа­ты­нас орнатуды, бә­­­­секеге қа­­­­бі­летті ма­ман болуды үйренген.
Иә, мемлекеттік қызметшілер тұл­ғалық болмысын әрқашан жетіл­діріп отыруы тиіс. Ол үшін мемлекеттік қыз­метші еліміздің дәстүрлі-мәдени, әлеуметтік-тарихи дүниелерін, ұлттық құндылықтарын ұстана білуі тиіс. Тұ­раржанның айтуынша, қазіргі қо­ғам мемлекеттік қызметшілерден елдік және қоғамдық мүдделерге әділ және адал қызмет етуін, өз күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін елі­міздің да­муына жұмсауын күтеді. Өйткені мем­­лекеттік қызметшінің тұл­ғалық же­­тілуі – тұтастай қоғам өзгеруінің ал­­ғы­шарты. Сол үшін мемлекеттік қыз­метшінің тұлғалық болмысы қо­ғам­ға үлгі болуы қажет. Ол үшін мем­лекеттік қызметші кәсіби, тұлғалық ізгі қасиеттерді бойына жи­нақтап, іс жү­зінде оның нәтижесі кө­рініп тұруы керек.
– Мемлекеттік қызметшінің күнде­лікті өмірі оның кәсіби қызметімен тығыз байланысты. Рухани мәде­ниет пен білім, алған тәрбие адам­ның тұлғалық болмысын құрап, нә­тижесінде оның іс-әрекетіне ықпал етеді. Алдымен адам ішкі ар-ождан заңдарын жетекшілікке алу керек. Сонда әркім заңды бұзудан қо­­­рық­қандықтан емес, адам­шы­лық па­­рызы үшін қызмет етеді. Сондықтан мен Алаш зия­лыларының еңбектерін, классик ақын-жазушылардың шығар­ма­ла­рын, саясатта зор жетістікке жет­­кен тұл­ғалардың өмір жолы баян­­дал­ған кітаптарды жиі оқуға тал­­пы­­намын. Сондай-ақ әрдайым та­ғылымда­ма­лардан өтіп, даярлық курс­тарына қатысамын. Мәселен, былтыр «Б» кор­пусының мемлекеттік қыз­метке алғаш кірген мемлекеттік қызмет­ші­лер үшін қайта даярлық курсынан өттім. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу адамнан оны саналы тұр­ғы­дан сезінуді, шын ынта-жігерін, ең бас­тысы, ниет тазалығын талап ете­ді. Міне, мен ұстанымдарды қыз­­метте жа­дымнан шығармауға тыры­самын, – дейді мемлекеттік қызметші.
Абай «Ақыл, қайрат, жүректі бір­дей ұста, сонда толық боласың ел­ден бөлек» деп осы үш қасиеттің адам бойынан көрініс табуын кемел бо­­­лудың басты шарты ретінде қа­ра­ған. «Ақыл мен қайрат жүрекке ба­ғы­нуы керек» деген байламға келген. Өйткені барлық мейірім, жанашырлық атаулы жүректен шығады. Міне, осы айтылған қасиеттер мемлекеттік қыз­метшілердің бойынан табылса, қоғам едәуір алға басары сөзсіз.
– Біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы ашық­тық қағидатымен жұмыс істейміз. Әріп­тестерім де «Адам мемлекет үшін емес, мем­лекет адам үшін» де­ген негізгі қағиданы айқын ұста­нады. Сон­дық­тан біз әрбір азаматтың үмітін ақтауға және талап-ті­легін ескеруге ба­­рынша күш са­луға тиіспіз, – деп Тұ­раржан өзінің қызметтегі көзқарасын айқын аңғартты.

Президент айтқандай, әрбір мем­лекеттік қызметші мемлекетшіл болуы керек. Мемлекеттік сана деңгейіне көтерілген адам үшін мемлекет пен елдік мүдделер қашанда ал­дыңғы орында. Мемлекеттік сана дең­гейін­де ойлайтын, халық алдын­­дағы жа­­­­уап­­­кершілікті сезінетін, ұлт­тық мүд­­­­­­делерге сәйкес ойлайтын және әре­­­­кет ететін, елдің бүгіні мен бо­ла­шағы үшін қам жейтін Тұраржан се­кіл­ді жастардың қызметте жүргені ха­­­лықтың болашаққа сенімімен қа­ра­уына бірден-бір себеп.


Жандос ЖАЗКЕН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: