Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Бейсенбі, 26 маусым, 22:12

Минскте Еуразиялық экономикалық форум басталады

26.06.2025

34

0

26-27 маусымда Минскте Еуразиялық экономикалық форум өтеді.

Форумға 33 елден 2,7 мыңнан астам адам қатысады. Бағдарлама алты негізгі тақырыптық блокты, оның ішінде 35 іс-шараны қамтиды.

ЕАЭО елдерінің басшылары қатысатын пленарлық отырыс Форумның басты іс-шарасы болады. Форум Минскте Беларусьтің ЕАЭО-ға төрағалығына байланысты өтіп жатыр және ЕАЭО Жоғарғы кеңесінің отырысына орайластырылып отыр.

2025 жылғы пленарлық отырыстың тақырыбы – «Еуразиялық экономикалық интеграцияның стратегиясы: нәтижелер мен перспективалар». Оған Армения премьер-министрі Никол Пашиняннан басқа Минскіге келетін барлық көшбасшылар қатысады, Пашинян бейнебайланыс арқылы қатысады.

Форумда Ресей президенті Владимир Путин ЕАЭО-ның жаңа көпполярлы архитектураны қалыптастырудағы рөлін бағалап, қауымдастық пен жаһандық және өңірлік қаржы инфрақұрылымдары арасындағы ынтымақтастықтың келешегі туралы айтады.

Іс-шараға сондай-ақ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, соынмен қатар ТМД елдерінің үкімет басшылары мен министрлері қатысады.

ЕАЭО құрамына Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Армения кіреді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: