Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Сейсенбі, 01 шiлде, 00:47

Депутаттар каникулға кетті

30.06.2025

22

0

Бүгін сегізінші сайланған Қазақстан Парламентінің үшінші сессиясы аяқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың айтуынша сессия кезінде қос палатада 158 заң жобасы қаралды. Соның ішінде 89 заң қабылданды.

«Президенттің сайлауалды бағдарламасы аясындағы заңнамалық бастамалардың бәрін дерлік депутаттық корпус осы сессияда іске асырды. Сессия кезінде біз әлеуметтік саясат пен азаматтарымыздың мүддесі мызғымас басымдық екенін айқын көрсеттік. Ол ең алдымен еліміздің негізгі қаржы құжатында – үшжылдық бюджетте көрініс тапты. Атап айтқанда, шығыс бөлігінің шамамен 40 пайызы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған», – деді Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Биыл базалық зейнетақы 6,5 процентке, ал сабақтас зейнетақы 8,5 процентке өсті. Әлеуметтік көмек алатындардың саны артты.

«Қыркүйек айынан бастап стипендия мөлшерін тағы көтеру жоспарлануда. Кейінгі бес жылда стипендия екі есе дерлік өскенін атап өткен жөн. Оған қоса, ғылыми атақ үшін де үстемеақы қарастырылды», – деп атап көрсетті спикер.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: