Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Бейсенбі, 10 шiлде, 00:42

Солтүстік Аралға 1 млрд текше метрге жуық су жіберіледі – үкімет

09.07.2025

22

0

Биыл Солтүстік Аралға 975 млн текше метр су жіберіледі. Орталық Азияның мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының 89-шы отырысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Биыл сәуірдің басында Самарқанд қаласында отырыста Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанмен келісімдер жасалды.

«Биылғы суару кезеңінде Қазақстанға Сырдария өзені бойынша 3,7 млрд м3 су, «Достық» мемлекетаралық каналы арқылы 909 млн м3 су келіп, Солтүстік Аралға 975 млн м3 су жіберіледі», – делінген ресми хабарламада.

Ал Қазақстан мен Қырғызстанның комиссиясы 2025 жылдың вегетациялық кезеңіне Шу мен Талас өзендері бойындағы нысандар арқылы су беру кестесін бекітіп алды.

«Мәселен, мамырдан қыркүйекке дейін Қазақстанға Талас өзені бойынша 400 млн м3 су, Шу өзені бойынша – 180 млн м3 су беріледі. Осылайша, 2025 жылдың вегетациялық кезеңінде сумен қамтамасыз етудің (сәуірді ескере отырып) жалпы көлемі 625 млн м3 құрайды», – дейді мамандар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: