Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сәрсенбі, 09 шiлде, 22:32

Өңірлік урбанизация саясаты: Қызылордада нақты ұсыныстар талқыланды

09.07.2025

15

0

Қазіргі урбанистика ұғымы бұрынғыдай тек құрылыс немесе көлік инфрақұрылымы шеңберінде қарастырылмайды. Бұл сала бүгінде өмір сүру сапасын арттыру, табиғи орта мен адам арасындағы байланысты сақтай отырып, орнықты әрі инклюзивті қалалық кеңістіктер қалыптастыруды көздейді. Қазақстанда мұндай үрдістер тек ірі мегаполистермен шектелмей, өңірлік деңгейде де белсенді дамып келеді.

Осы бағыттағы талқылаудың маңызды кезеңі – 2025 жылғы 8 шілдеде Қызылорда қаласында өткен «Қазақстан Ұлттық Урбан Форумы – 2025» аясындағы «Қазақстанның қалалық күн тәртібін өңірлерде іске асыру» атты екінші тақырыптық сессия болды. Бұл алаңда мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық ұйым мамандары, урбанистика саласындағы сарапшылар мен инженерлер бас қосып, өңірлердегі урбан дамудың өзекті мәселелерін талқылады

Сессияда қалалық саясатты деректерге сүйене отырып жүргізу, инфрақұрылымдық жобаларды жергілікті ерекшеліктерге сай жоспарлау, тұрғындармен тиімді кері байланыс орнату мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін пайдалану арқылы өңірлік урбан дамуды жеделдетудің жолдары сөз болды.

Сарапшылар урбан жобалауда адамға ыңғайлы, инклюзивті және мәдени ерекшеліктерді сақтаған орта қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Инженерлік желілер мен жер телімдеріне қатысты цифрлық кадастрлық жүйелерді енгізу – шешім қабылдаудың негізі ретінде қарастырылды.

Сессия қорытындысында қатысушылар тәжірибе алмасып, өңірлік деңгейде қалалық күн тәртібін тиімді іске асыру жолдарын қарастырды. Ұсынылған идеялар мен ұсыныстар тұрақты урбанизацияны дамытудың келешектегі басым бағыттарын айқындауға ықпал етті.

Қызылордадағы бұл пікірталас алаңы – өңірлерге арналған нақты урбан саясатының қалыптасуына серпін беретін маңызды бастама болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: