Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

27°C

, Дүйсенбі, 21 шiлде, 00:10

Бүгін – Металлург күні

20.07.2025

12

0

Кәсіби мереке елімізде жыл сайын шілденің үшінші жексенбісінде аталып өтеді.

Биыл Мемлекет басшысы алғаш рет екі жаңа мемлекеттік награда – «Қазақстанның еңбек сіңірген кеншісі» және «Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері» құрметті атағын тағайындады.

Металлург күні 2003 жылы Президент Жарлығымен бекітілген. Бұл мереке жыл сайын шілде айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Ол елдің өнеркәсіп секторы үшін ең маңызды мерекелердің бірі.

Қара металлургия — ауыр өнеркәсіптің негізгі салаларының бірі. Экономикасы дамыған мемлекеттер металлургия саласына айрықша мән береді. Өйткені шойын мен болат өндірісінсіз ғылыми-техникалық прогресті ілгерілету мүмкін емес. Металлургия құрылыс, машина жасау, кеме жасау, ұшақ жасау және басқа да маңызды салаларға қажетті шикізат пен жұмыс материалын береді.

Сонымен қатар, түсті металлургия — елдегң ең көне және жетекші өнеркәсіп салаларының бірі. Бұл саланың дамуы пайдалы қазбалардың мол ресурстарына негізделген және елдің бүкіл өнеркәсіп кешенінің қалыптасуына зор ықпал етеді.

Қазақстанның түсті металлургиясының басты артықшылығы — өзіне тиесілі минералдық-шикізат базасының болуы. Елде түсті металл кендерінің мол қоры бар. Түсті металдар тобына мыс, мырыш, қалайы, қорғасын, мышьяк, сынап кен орындары кіреді.

Сонымен қатар, қымбат металдарды (күміс, алтын және басқа да металдар — осмий, палладий, иридий, родий) өндіру және оларды қайта өңдеу Қазақстанның алтын-валюта қорын толықтырудың негізгі көздерінің елеулісі. Бұл қымбат металл әлемде ең жоғары бағаланатын өнімдердің бірі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: