Сенбілік барысында қоғамдық орындар, көшелер, жаяу жүргіншілер жолдары, арықтар тазартылып, жабайы шөптер шабылды. Жиналған қоқыстар арнайы техника көмегімен шығарылды. Сонымен бірге ойын алаңдарында және жол жиектерінде әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан орталығымен қатар барлық ауылдық округтерде де сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!