Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

38°C

, Сәрсенбі, 23 шiлде, 18:05

Көкжөтел белгілері және алдын алу шаралары

20.07.2025

16

0

Көкжөтел – ұстаманың соңында «реприздермен» және құсумен және қалың тұтқыр қақырықты бөлумен сипатталатын қалшылдатқан жөтелдің ерекше шабуылдарымен сипатталатын жедел респираторлық бактериялық жұқпа.Көкжөтелдің қоздырғышы ауа тамшыларымен, науқас жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде таралады.

Асқынулар

Көкжөтел өкпенің қабынуы (пневмония), мидың зақымдануы сияқты асқынулармен қауіпті.

Көкжөтелдің алдын алу

Көкжөтелден қорғаудың жалғыз сенімді және тиімді әдісі – вакцинация. Көкжөтелге қарсы егу 2, 3, 4 және 18 айлық жастағы балаларға көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, «В» гепатитіне, гемофильді инфекцияға және полиомиелитке қарсы бір мезгілде кешенді вакцинамен жүргізіледі. Бұдан әрі 6 жастағы балалар АбКДС күшейткіш дозасымен егіледі.

Аурудың белгілері пайда болған кезде мыналарды ұсынамын:

– уақытылы медициналық көмекке жүгіну, өзін-өзі емдемеу, тек дәрігердің нұсқауы бойынша ем қабылдау;

– бөлмені жиі желдетіп, дымқыл тазалау жүргізу;

– жөтелген кезде ауызды жабу, қолды жиі жуу;

– ата-аналарға науқас балаларды ұйымдасқан ұжымдарға жібермеуды.

Вакцинация – аурудан қорғаудың жалғыз жолы, балаларыңызды уақытында вакцинациялаңыз!

Есіңізде болсын, ауруды емдегеннен гөрі оның алдын алған дұрыс!

Г.Айымбетова – Жалағаш аудандық СЭБ басқарма басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: