Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуына кері әсер ететін, қоғамдағы әділдік пен заң үстемдігіне нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Бүгінгі таңда бұл індетпен күресу – еліміздегі әрбір мемлекеттік орган мен қоғам мүшесінің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан заңдар мен стратегиялар – осы зұлымдықтың алдын алуға бағытталған нақты қадамдар.
Қоғамда ашықтық пен әділдік орнауы үшін бірінші кезекте – адам бойында адалдық, жауапкершілік және азаматтық ұстаным болуы тиіс. Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек мемлекеттік органдардың немесе арнайы құрылымдардың ғана жұмысы емес, бұл – әрбіріміздің жеке борышымыз.
Қазынашылық саласында еңбек етіп жүрген маман ретінде мен де өз жұмысымда ашықтық пен заңдылық принциптерін ұстануға тырысамын. Қоғам мүддесі үшін қызмет ету – біздерге жүктелген үлкен жауапкершілік. Бұл жауапкершілік – тек есеп-қисаппен шектелмейді, ол – халық сенімін ақтау, қызметте әділ болу, заң талаптарын мүлтіксіз сақтау арқылы көрінеді.
Сондықтан біз – мемлекеттік қызметшілер, ең алдымен, өзгелерге үлгі болуымыз қажет. Әріптестер арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастырып, жастарға адал еңбек етудің маңыздылығын түсіндіру – бүгінгі күннің басты талабы.
Мадина ТУРСЫНБАЕВА,
Жалағаш аудандық мемлекеттік қазынашылық
басқармасының бас маман-бас қазынашысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!