Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысындағы қалалар мен елді-мекендердің аумақтарын абаттандыру, жер және құрылыс саласындағы кейбір мәселелерді реттеу үшін арнайы жұмысшы топ құрылды.
Аталған тапсырмаға сәйкес, облыс аумағында жалпы 555 құрылысы жүріп жатқан (Қызылорда Қызылорда қаласы – 158, Арал ауданы – 72, Қазалы ауданы – 65, Қармақшы ауданы – 35, Жалағаш ауданы – 29, Сырдария ауданы – 36, Шиелі ауданы – 72, Жаңақорған ауданы – 88) кәсіпкерлік нысандар бойынша зерделеу жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі күнге дейін 216 нысан заңдастырылды (Қызылорда қаласы – 98, Арал – 23, Қазалы – 7, Қармақшы – 4, Сырдария – 5, Шиелі – 3, Жаңақорған – 76), ал 94 нысан заңсыз салынғаны анықталып, олардың меншік иелеріне жалпы 250 хаттама толтырылып (Қызылорда қаласы – 37/91, Арал ауданы – 13/30, Қазалы ауданы – 10/30, Қармақшы ауданы – 1/3, Жалағаш ауданы – 6/18, Сырдария ауданы – 11/33, Шиелі ауданы – 6/18, Жаңақорған ауданы – 10/28), 101 776 840 теңге айыппұл салынды.
Әліп Мәди Раманқұлұлы,
Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс
бақылауы басқармасы басшысының орынбасары
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!