Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

15°C

, Сәрсенбі, 17 қыркүйек, 20:11

Қызылордада 280 пәтерлік 7 тұрғын үй иелеріне табысталды

17.09.2025

10

0

 Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен сол жағалаудан бой көтерген, әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналған 280 пәтерлік 7 тұрғын үйді иелеріне табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шараға жауапты сала басшылары, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Аймақ басшысы жаңа қоныс иелеріне құттықтауын жеткізді.

пәтер 3.jpg

«Биыл ұлтымыздың тарихи «Қазақ» атауының қайтарылғанына, Қызылорданың Қазақ елінің астанасы болғанына 100 жыл, бұл мереке кең көлемде аталып өтуде.

Мемлекет басшысының қолдауымен мерейлі жыл аясында аймағымызда сәулеті келіскен, әсем де заманауи ғимараттар бой көтеріп, саябақтар мен аллеялар қайта жаңғыртылып, жолдарымыз кеңейіп келеді.

Бүгін жерлестеріміздің баспаналы болу қуанышына ортақтасып, пәтер кілтін табыстау рәсіміне жиналдық.

Аймағымызда халқымыздың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда.

Соңғы үш жылда қаржыландырудың барлық көзінен 2 млн. 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына, жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға 5 мыңнан астам пәтер (5148) сатып алынып, 25 мыңға жуық тұрғын қоныс тойын тойлады.

Аудан орталықтарында жаңадан салынған 1500-ге жуық пәтер табысталды.

Аймағымыздың ажарын айшықтап, сәулетіне сән қосатын, өңіріміздің өсіп-өркендеуіне жаңаша серпін беретін құрылыс индустриясын дамытуда құрылысшыларымыздың үлесі орасан зор. Баспаналы болу әрбір отбасыны жақсылыққа жетелейді. Қоныстарыңыз құтты болсын!», – деді Н.Нәлібаев.

пәтер 2.jpg

Салтанатты рәсімде пәтер иелеріне қуаныш сыйлап, тұрғын үйлердің құрылысын сапалы жүргізген мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС-нің құрылысшыларына облыс әкімінің алғыс хаты табысталып, Қызылорда облысының құрметті азаматы Ибрагим Әбибуллаев батасын берді.

Биыл тұрғын үй құрылысы мен жеке салушылардан 3 800 дайын пәтерді сатып алуға бюджеттен 58 млрд. 785 млн. теңге бөлінді. Қаржыландырудың барлық көзінен 870 мың шаршы метр тұрғын үй беріледі.

Ерекше атап өту қажет, өткен жылдан бастап қаламызда заманауи жаңа дизайнмен 7, 9, 12 қабатты тұрғын үйлер бой көтеруде.

1 пәтер.jpg

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: