Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

14°C

, Сәрсенбі, 17 қыркүйек, 21:28

Аудан жастары әлем чемпионатының жүлдегерлерімен кездесті

17.09.2025

11

0

Ауданға арнайы сапармен келген «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы, «Әлем Барысы» халықаралық турнирінің жүлдегері Мақсат Исағабылов пен ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов №13 аудандық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінде болып, жас спортшылармен кездесті. Шеберлік сабағында чемпиондар жеке тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби бағыт-бағдар берді.

Сонымен бірге, «Наркескен» спорт клубының қызметімен танысып, аудан жастарының спорттық әлеуетін арттыру мен футболды дамыту бағытындағы жобаларды көріп, спорт саласындағы жұмыстарды жоғары бағалады.

Одан әрі спортшылармен кездесу кеші Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Төзім мен еңбек – жетістіктің кілті» атты тақырыпта жалғасты. Шара барысында Мақсат Исағабылов пен Алмас Өтешов спорттағы жетістікке жету жолындағы еңбектері туралы баяндап, жастарды табандылық пен төзімділікке үндеді. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, пайдалы кеңестерін ұсынды.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: