15 қыркүйек – Отбасы күніне орай «Amanat» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы «Таң ауылдық округі» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт ұясы» атты отбасылық байқау өтті. Аталған шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, ауыл тұрғындары арасында татулық пен ұйымшылдықты арттыру.
Байқауда түрлі отбасылар өнер көрсетіп, белсенділік танытты. Нәтижесінде Тәшеновтер отбасы бас жүлдеге лайық деп танылды. Ал І орын Ибраевтар отбасына бұйырды. Сайыста Сайтжановтар отбасы ІІ орынға лайық деп танылса, Қуанышовтар отбасы үздік үштікті түйіндеді.

Байқауда мұнан бөлек «Татулығы жарасқан отбасы» номинациясымен Ерназаровтар отбасы марапатталды. Сондай-ақ «Ұлағатты ұя» номинациясына Уашовтар отбасы лайық деп танылса, «Өнегелі отбасы» номинациясымен Зәуребаевтар отбасына бұйырды.
Сонымен қатар белсене қатысқан өзге отбасыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Шара ауыл халқының көңілінен шығып, көрерменге мерекелік көңіл күй сыйлады.
«ЖЖ» ақпарат
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!