Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Дүйсенбі, 22 қыркүйек, 15:32

«Саналы ұрпақ» – Отбасы күнін мерекелеу аясындағы тағылымды шара

22.09.2025

12

0

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында Отбасы күніне орай ұйымдастырылған 10 күндік мерекелік іс-шаралар жалғасуда. Әр күн белгілі бір тақырыпқа арналып, қоғамдағы отбасының орны мен маңызын айқындайтын мазмұнды бағдарламалар ұсынылуда.

Бүгінгі күн «Саналы ұрпақ» тақырыбымен өтті. Бұл бастама отбасы құндылықтарын дәріптеп қана қоймай, жас ұрпақтың саналы, жауапты, ізгілікті болып қалыптасуына бағытталған.

Іс-шараға АХАТ басқармасының басшысы Ботагоз Идрисова және теолог маман арнайы қатысып, жастармен сұхбат жүргізді. Сондай-ақ психолог мамандардың қатысуымен студенттерге арналған семинарлар өтті. Кездесуде саналы отбасының негізгі қағидалары, өзара сыйластық пен сенім, ата-ана мен бала арасындағы ашық қарым-қатынастың маңызы сөз болды.

Ботагоз Идрисова отбасылық құндылықтардың қоғамдағы тұрақтылық пен рухани даму үшін ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Осындай тағылымды кездесулер жастарға өз болашағына жауапкершілікпен қарауға, саналы шешім қабылдауға және отбасын құндылық ретінде бағалауға ықпал етеді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бастамасымен өтіп жатқан Отбасы күнін мерекелеудің 10 күндігі алдағы күндері де мазмұнды іс-шаралармен жалғасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: