Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Сейсенбі, 23 қыркүйек, 20:58

Теміржол вокзалының құрылысымен танысты

23.09.2025

15

0

Мемлекет басшысы мен Үкіметтің, сондай-ақ облыс әкімінің қолдауымен ауданда заманауи талаптарға сай жаңа теміржол вокзалы салынып жатыр. Аудан әкімі Ардақ Ибраимов «КазЭнергоПроектСтрой» ЖШС-ның жоба жетекшісі Нұржан Бектібаевты қабылдап, Жалағаш кентіндегі теміржол вокзалының құрылысын жеделдетуге қатысты жобалық-сметалық құжаттар мен өзекті мәселелерді талқылады.

Айта кетейік, аудан аумағынан 47 ша­қырым теміржол өтеді. Жалағаш стан­­циясы арқылы «Алматы-1 – Ақ­тө­бе», «Ақтөбе – Алматы-1», «Ал­ма­­ты-2 – Маңғыстау», «Маңғыстау – Ал­ма­­­­ты-2», «Қызылорда – Павлодар», «Пав­­­­ло­дар – Қызылорда» жолаушылар по­йы­­зы өтеді.
«Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ АҚ-ның тапсырысымен теміржол вок­залының жаңа ғи­мараты салынып жатыр. Жобада жаңа үлгі­дегі вок­зал ғимаратынан бөлек пер­рон ау­мағын абат­­тандыру және жарық­тан­дыру жұ­мыс­­тары да қарас­тырылған. Мәжі­ліс­те аудан әкімі құрылыс сапасын жіті ба­қы­лап, жо­лау­шыларға ыңғайлы әрі за­манауи стан­дарттарға сай ны­санды уа­қы­­тылы пайдалануға беруді тап­сыр­ды.
Аудан басшысы теміржол вок­залының жаңа ғимаратына барып, құ­рылыс барысымен де танысты. Сон­дай-ақ жұмыс сапасын бақылауда ұстап, тиісті сала басшыларына құрылыс қар­қынын жеделдету және аумақты көр­кейту жөнінде нақты тапсырмалар бер­ді. Аудан әкімі нысанның уақытылы пай­далануға берілуі қажеттігін ескертіп, жо­баның жүзеге асуы ауданның көлік ин­фрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосатынын атап өтті.
Иә, Жалағаш ауданында бұрынғы те­­­­­­­міржол пункті қайта жаңғыртылуда. Ес­кісі бұзылып, заманауи вокзал са­лы­­нады. Сондай-ақ перронды абат­тан­ды­ру және жарықтандыру жоспар­лан­ған.
Мердігер мекеме ескі пункттің орнын тегістеп, қазір құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Аумағын абаттандыру үшін Жалағаш кенті әкімдігінің теңгеріміндегі жер учаскесі «Қазақстан Темір жолы» АҚ Қызылорда облыстық филиалына берілуде. Жобада жаңа үлгідегі ғима­рат, перронды абаттандыру және жа­рық­тандыру қарастырылған.
Айта кетейік, елімізде 100 теміржол вокзалын жаңғырту қолға алын­ған. Қал­­­­ғанын келер жылы аяқтау жоспар­ла­нып отыр. Биыл Қазақстан бойынша жаң­ғырту жұмыстары жүріп жатқан 100 вок­залдың 10-ы – Қызылорда облы­сы­­­­­­ның аумағындағы ғимарат. Өңірдегі те­міржол вокзалдарын күрделі жөндеу үшін шамамен 5 млрд теңге қаржы қа­жет. Жөндеу жұмыстарын жүргізетін мер­­­­­­­­­­­дігер мекемелер «Қазақстан Темір Жо­лы» ҰК» АҚ-мен келісім-шартқа отыр­ды.
2023 жылы Қызылорда қаласындағы ғасырдан астам тарихы бар вокзал мен аумағы толықтай жаңғыртудан өтті. Жо­­­­баның жалпы құны – 577 млн теңге. Оған «Қазақстан Темір Жолы» ком­па­ния­сы 322 млн теңге және жер­гілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 255 млн теңге қаржы бөлінді. 1905 жылы са­лынған бір қабатты вокзалға күрделі жөн­­деу жүргізіліп, бүгінде зама­науи та­лап­тарға сай бейімделді.
Қасбеті травертин плиталарымен қап­талды, шатыры жаңартылды, мүм­кін­дігі шектеулі азаматтарға арналған пан­дус­тар орнатылды. Сонымен қатар суағар, су, кәріз және жылу жүйелері жөн­­­­­деліп, қала жақ беті көгалдан­ды­рылды. Ішкі бөлмелері де толықтай жөн­­­делді. Бұдан бөлек екі жолаушылар плат­формасына асфальт төселіп, төрт ті­рекке 10 жарықшам орнатылды.
1969 жылы салынған екінші нысан да жаңартылды. Әкімшілік ғимараттың қасбеті әрленіп, есіктері, 200 шаршы метр шатыр ауыстырылды. Жергілікті кә­­сіпкерлердің қолдауымен перрон мен ав­тотұрақ асфальтталып, жарық­шам­дар қойылды. Сол аумақтағы ны­сан­­дар­дың қасбеті де заманауи кел­бет­ке ие болды.
Бұл жұмыстар аймақтағы көлік ин­фра­құрылымын жаңғыртып, жолау­шы­ларға сапалы қызмет көрсетуге бағыт­талған.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: