Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Сенбі, 04 қазан, 01:53

Жолдау – оң өзгерістер бастауы

20.09.2025

31

0

Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен актив отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру бойынша жауапты сала басшыларына бірқатар міндет жүктелді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын жариялады. Президент Жолдауы – мемлекеттің алдағы жоспарына, халқына және даму бағытына серпін беретін маңызды саяси құжат. Жолдауда цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізу, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау, өңдеу өнеркәсібінің жаңа инвестициялық кезеңі, ауыл шаруашылығын ғылыммен ұштастыру, су үнемдеу технологияларын енгізу, әлеуметтік салада тиімді шешімдер қабылдау, «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы кеңінен қоз­ғалды. Мемлекет басшысының бұл Жолдауы – еліміздің жа­ңа даму кезеңіне нық қадам басқанын көрсететін маңызды құ­жат. Осы ретте баршаңызды ел игілігі жолындағы жұмыс­тарға жұмыла кірісуге шақырамын. Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды орындауда әр сала басшысы бар күш-жі­герін салуы қажет. Президент бастамаларын аудан кө­лемінде іске асыру жұмыстары жүйелі жалғасатын болады, – деді аудан басшысы.
Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Са­дық Әлиев, «Ер-Әлі» шаруа қожалығының төрағасы Әлі­би Бекжанов сөз сөйлеп, цифрландыру мен жасанды ин­те­ллектті ауыл шаруашылығына енгізу арқылы саланы жа­ңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті. Сонымен бір­ге аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас­шысы Бибіәсия Дүйсенбиева, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Қайрат Жапбасбаев алдағы мін­деттер мен салада атқарылатын жұмыстар бойынша баян­дама жасады.
Жиын соңында Жолдаудан туындайтын міндеттер бо­йынша жауапты сала басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктелді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: